Жаздың соңғы айы да келді. Алдағы күндерді қалай жоспарладыңыздар?
Аптаның басы керемет көңіл күймен басталады. Мүмкін жаңа қызығушылығыңыз оянып, бар назараыңызды соған аударатын боларсыз. Бастысы, бұл қызығушылық сізге қуаныш сыйлайды. Ол сурет, ән, би, сахна өнері болуы әбден мүмкін. Бұл апта білім алуға, бала тәрбиесіне көңіл бөлуге қолайлы кезең. Қиялыңыз шарықтап, жаңа идеяларды іздейсіз. Сонымен қатар, бұл аптада тосынсый күтіп тұр. Жұмыста жаңа тапсырма берілуі мүмкін, жауапкершілікпен қарауға тырысыңыз.
Аптаның басында туған-туыстармен жиі кездесесіз. Отбасыңызда жылы әрі қуанышты атмосфера орнап келе жатыр. Олармен бірге отырып, үлкен мәселелерді ашық талқылайтын сәт туды. Аптаның екінші бөлігінде сүйіктіңізбен кикілжің тууы мүмкін. Мұның бәрін ақылмен жеңуге тырысыңыз. Қызбалыққа салынып, жөн-жосықсыз қызғанудың қажеті жоқ.
Аптаның басында Егіздерді көптеген іс-сапар, жаңа таныстық күтіп тұр. Қоғаммен араласып отырған сізге қатты ұнайды. Бос уақытыңызды мерекеге айналдырып жіберетін қасиетіңіз жаныңызға адамдарды тез жинауға көмектеседі. Серіктестік қатынастар берік болады. Серіктесіңізден зор сенімділік пен жауапкершілікті байқайсыз. Бүгінгі күнді маңызды кездесуге арнасаңыз, артық етпейді, себебі ойлағаныңыз дәл дүйсенбі күні жүзеге асуы мүмкін. Отбасыңызға да бір кезек көңіл бөліңіз, олардың арасында сіздің көмегіңізге мұқтаж бір жан бар.
Шаяндардың материалдық және қаржылық сұрақтары шешіледі. Бюджетіңізге жалақы немесе басқа табыс көзі қосылады. Көптен ойлап жүрген дүниелерді сатып алуға мүмкіндік туады. Бірақ, аптаның ортасында немесе аяғында жағдай күрт өзгеруі мүмкін. Бұл апта сәтті сапарлар мен керемет таныстықтарға толы болмақ. Денсаулығыңызға мән беріңіз, "үп" еткен желден де ауырып қалуыңыз мүмкін.
Арыстандар бұл аптада бойында тұнып жатқан дарыны мен қабілетін көрсете алады. Өз бетімен жетілуге, білім алуға, шығармашылықпен айналысуға өте қолайлы апта. Егер сүйіктіңіз болса, арадағы махаббат беки түседі. Ал ғашығыңыз сіздің махаббатыңызға деген жауабын танытады. Әлеуметтік желіде жаңа достармен танысасыз. Ал аптаның екінші жартысында кезек күттірмейтін затты сатып алуға тура келеді. Ақшаңызға мұқият болыңыз. Шығын, ұрлық дегендерден сақ болыңыз. Құмар ойындардан алыс болыңыз.
Аптаның басында Бикештер тыныш әрі бірқалыпты күй кешеді. Бұл уақыт аралығында әдеби, психологиялық кітаптар оқып, рухани байып, қуаттаныңыз. Бар күшіңізді рухани тыныштығыңызға бөліңіз. Осы күндері сізден жасырып келген құпиялардың сырын ашасыз. Ал аптаның екінші жартысында өз бетіңізбен дамуға күш саласыз. Оған туған-туыстарыңыз қарсы болуы мүмкін. Ойға алған жоспарларыңыздың бұзылуына жол бермеңіз.
Аптаның басы Таразылар үшін сәтті болмақ. Сізді керемет әсер ететін тосынсый мен сыйлықтар күтіп тұр. Тіпті, лотореялық билет ұтып алуыңыз мүмкін. Достардың арасында беріктік орнайды. Достарыңыз кеш ұйымдастырып, шақырса, қалмаңыз немесе өзіңіз бастама көтеріңіз. Көптеген адаммен сөйлесіп, тіл табысу керек. Аптаның екінші бөлігінде өсек-аяңдардан сақ болыңыз.
Аптаның басы Сарышаяндар үшін өте қолайлы болмақ. Мансаптағы жағдайыңызды өзгертіп, жауапкершілігі көп тапсырма орындап, сыйақы алуыңыз мүмкін. Сол үшін сіздің лауазымыңызды көтеруі мүмкін. Беделді адамдармен сөйлесу керек. Үлкен байқауға қатысып, жүлделі орынға ие болуыңыз да мүмкін. Аптаның екінші бөлігінде қаржыдан қысылуыңыз мүмкін. Сондықтан, ақшаны ақылмен жаратыңыз. Туған-туысты, дос-жаранды ұмытпаңыз.
Мергендерді аптаның басында тосыйнсый күтеді. Бұл шығармашылықпен және қызықты таныстықпен байланысты. Сүйікті әншіңіздің концертіне не саяхатқа шақыру алып жатсаңыз, таңғалмаңыз. Ал аптаның екінші бөлінде жұмысыңызда қиындық туындауы мүмкін. Қалауыңыз орындалмаса, мән бермеңіз. Сіз қаласаңыз, ойыңыздың орындалуына қызмет етсеңіз, міндетті түрде орындалады.
Тауешкілер аптаның басында ақшаның исін сезеді. Демек, жуырда үлкен сомаға кез болады. Қарыздарды өтеп, мұқтаждарға көмектесіңіз. Барлық салада тасыңыз өрге жылжиды, кезінде ескіргендерді жаңалап, ескі әдеттерді жоюға тырысыңыз. Аптаның екінші бөлігінде заң өкілімен арада кикілжің туындауы мүмкін. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз.
Суқұйғыштар қызметте серіктесінің іс-әрекетіне мән беруі керек. Ал отбасыңызда жарыңыз сіздің көңіліңізге, назарыңызға шөлдеп жүрген болуы керек, бір кезек көңіл бөліп қойыңыз. Той, салтанатты кешке жол түсуі мүмкін. Аптаның екінші бөлігінде айналаңызға мұқият болыңыз. Апаттардан, қақтығыстардан, кикілжіңдерден алшақ жүріңіз. Достармен, құрбылармен қарым-қатынасыңызды сақтаңыз.
Жұлдыздардың пікіріне қарағанда, Балықтар бұл аптада өздерін жайлы сезінеді. Ағзадағы энергетикалық қуаттың басымдылығынан кейбір ауруларды жеңе алады. Бұл апта медициналық тексерістен өтуге қолайлы. Спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтану керек. Ал аптаның екінші бөлігінде кикілжіңнен сақтаныңыз. Жаңа басталамарды айтуға асықпаңыз. Бәрінің өз уақыты бар.