Осы аптада планеталар арасында екі аспекті ғана өзара үйлеседі. Бұл қоғамдағы агрессиялық мінез-құлықтың азаятындығын білдіреді.
Тоқты
Барлығы өздері қалағандай жүзеге асады. Біріншіден, айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңыздың жақсарғанын байқайсыз: таныстарыңызбен, достарыңызбен, туысқандарыңызбен және көршілеріңізбен. Аптаның соңына қарай достарыңыз алыс аймаққа бірге қыдыруды ұсынады. Қызығушылығы мол жандармен танысуыңыз мүмкін. Әзірге махаббат мәселесінде түсініспеушілік болады. Ақыл-парасат деңгейіңіз айтарлықтай жоғары болғандықтан, сабақтағы үлгеріміңіз жақсарады. Жұлдыздар демалыс күндерін үйде өткізуге кеңес береді.
Торпақ
Материалдық қиындықтарын шешеді. Табыс көзіңіздің көлемі артады. Ата-анаңыз бен туысқандарыңыз ақша салып жіберуі мүмкін. Қаржылай қиындықтармен қатар тұрмысқа қатысты мәселелерді шешесіздер. Мысалы, бұзылған үй жабдықтарын қайтадан жөндетіп, тіпті, орнына жаңасын сатып алуыңыз мүмкін. Отбасыңызда береке орнап, қиындықтарды жеңесіздер. Жұлдыздар заттарды несиеге алуға кеңес береді.
Егіздер
Апта бойы өз мәселелерін өзі шешуге қауқарлы болады. Қазір — жоспарын жүзеге асыратын уақыт. Аптаны жаңа адамдармен танысу үшін пайдаланыңыз. Оқуда барлығы дұрыс болады. Өзіңізге қатысы жоқ сұраққа байланысты жақын адамыңыз көмек сұрауы мүмкін. Оған көмектесу арқылы өзіңізге тек жақсылық жасайсыз. Аптаның екінші бөлігінде сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз жақсарады. Ең қиын деген мәселелерді бірге отырып талдайсыздар.
Шаян
Материалдық қиындықтарын оңай шешеді. Жұмыс істеу қабілетіңіз артады. Қызметте асқан қырағылық танытасыз. Мұның барлығы жалақыңыздың көтерілуіне жағдай жасайды. Қалтаңыз қалыңдағандықтан, бірнеше ең қажетті зат сатып аласыз. Мұнымен қатар, күш-қуатыңыздың артқанын байқайсыз.
Арыстан
Жұмыстарыңыздың барлығы дұрыс жүріп жатқандай көрінеді. Осы сенімділігіңіздің арқасында алдыңызға қойған мақсаттарыңызға жетесіз. Тәжірибесі мол достарыңыз жаңа бизнесті жоспарлауға көмектеседі. Бұл апта жолыңыз болатынына сенімді болыңыз. Бағыңызды қорықпастан сынап көруіңізге болады.
Бикеш
Дәл қазір — қызметтегі дәрежеңізді көтеретін уақыт. Мансап мәселесінде біреуге арқа сүйеуіңізге тура келеді. Сіздің жаңа жұмысыңызды тағайындау мәселесіне байланысты кездесу өтеді. Жаныңызға тыныштық сыйлайтын істермен ғана айналысыңыз.
Таразы
Жұмысында айтарлықтай өзгеріс болады. Бұл сіздің жоспарыңыздың орындалуына тікелей байланысты. Барлығы ойдағыдай болып, армандарыңыз өздігінен орындалады. Интернет сайттарында, форумдарда қызықты уақыт өткізіп, ақкөңіл адамдармен танысасыз. Жоспарлап отырған саяхатыңыз да керемет өтеді.
Сарышаян
Зиянды әдеттеріңізбен күресетін уақыт келген сияқты. Көптен бері шылым мен ішімдіктен бас тартқыңыз келсе, жолыңыз болды. Себебі осы апта ішінде ерік-жігеріңіз артады. Олардан дәл қазір бас тартпасаңыз, жағдайыз қиындайды.
Мерген
Осыған дейін сүйіктіңізбен жанжалдасып келдіңіз. Әрдайым оған түсіністікпен қарап, ортақ шешім табуға тырысыңыз. Әркім ұстануы тиіс ортақ ережелер тағайындаңыз. Аптаның екінші бөлігінде ауылға немесе алыс ағайын-туысқандарыңызға барып қайтасыз. Оқу үлгеріміңіз айтарлықтай жақсарып, қажетті экзамендерді ойдағыдай тапсырасыз.
Тауешкі
Өздерінің өмірін ретке келтіреді. Көп сұрақтың жауабы мен мәселенің шешімін жылдам табуыңызға тура келеді. Күн тәртібіңізді ретке келтіріп, барлығына үлгеруге тырысыңыз. Ояну, жұмысқа бару, курсқа бару, үйге қайту сынды күнделікті қайталанатын әрекеттер сізді тәртіпке бағынуға үйретеді. Күн тәртібіне сәйкес жүретін болсаңыз, табысқа бір табан жақындайсыз.
Суқұйғыш
Бұл апта – сүйіктіңізбен сөз жарастыратын кез. Қызметтегі серіктестіктің арқасында біраз ақшаны шығындайсыз. Аптаның екінші бөлігінде сізді мерекелік кешке шақырады. Көпшіліктің алдына сүйіктіңізбен бірге көріну арқылы, бойыңызға сенімділік дариды. Сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызды заңдастыруға шешім қабылдауыңыз мүмкін. Сөз байласқандарыңызды айтып, жақын күндерде тойдың болатынын айтыңыз.
Балықтар
Осыған дейін денсаулығыңыз сыр берген болатын. Энергетикалық потенциалыңыз бен ағзаңыздың иммунитеті күшейетіндіктен, барлығы ойдағыдай болады. Медициналық тексеруден өтіп, емделу курсын бастаңыз. Жаттығу залына баруға уақытыңыз болмаса да, үй жағдайында жеңіл-желпі жаттығуларды орындауды ұмытпаңыз.
Күндеріңіз сәтті өтсін!