Жоспарыңызды өзгемен бөліспеңіз

Жоспарыңызды өзгемен бөліспеңіз
Фото: www.rea.ru

Жоспар – алдын-ала болатын, келешектің еншісінде жүзеге асатын әрекеттердің жиынтығы. Әрбір адам тірлікте жоспарлы және мақсатты түрде өмір сүреді. Дегенмен барлығы дерлік жоспар жасамауы мүмкін. Бұл жеке тұлғаның өзіне тән қасиеті. Бірақ ескеру керек дүние бар. Ойға келген идеяңызды немесе жоспарыңызды сыртқа шығаруға асықпаңыз. 

Күнделікті өмірде жоспарыңызды біреумен бөлісіп, ақыл-кеңес алу жақсы жағынан көрінуі мүмкін. Мәселен үй, көлік алу деген секілді. 1933 жылы шетел психологтары мынадай тұжырым жасаған: біз жоспарымызды көп адамға жария еткен сайын, оның орындалу ықтималдығы азая береді, тіпті орындалмай қалады. 

Себеп: 
Біз жоспарымызды біреуге айту арқылы оны ойда елестетеміз. Тіпті құрылымын жасап, оны орындап тастаған адам сияқты боламыз. Іс жүзінде емес, ой жүзінде қателікке бой алдырып, өзімізге деген мотивацияны жоғалтамыз. 

Нью-Йорк университетінің профессоры, психолог Питер Голлвитцер 1982 жылы жарық көрген «Өзін-өзі құру белгісі» атты кітабында осы жөнінде сөз қозғаған. Ол 63 адаммен кездесу жасап, олардың ішінде жоспарымен бөліспеген аз ғана адамның жетістікке жеткенін, қалғандары сөз жүзінде қалып қойғандарын айтады. Профессордың айтуынша, біз жоспарымызды айтқан сайын оны орындау үдерісіне кірісіп кетеміз. Бірақ іс жүзінде емес. Ойдың санада бейнеленуі де осыдан шығады. Яғни, ой істің көлеңкесі болып қана қалмақ. 

Сақ болыңыз! Жоспарлаған жұмысыңыз жемісін берсін десеңіз, құпия түрде жүзеге асырыңыз.

М. Ақан