Университетті аяқтағаннан кейін бірден жұмысқа орналасу бақыты өкінішке орай, барлық диплом алған мамандарға бұйырмаған. Жұмыс беруші көп жағдайда жұмыс тәжірибесі бар қызметкерді алуға мүдделі. Бұл жағдайда кешегі түлек, бүгінгі маманға «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» және «Жастардың кадрлық қоры» бағдарламаларын іске асыратын мемлекет көмекке келеді.
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы
Оқу орнын ақтағаннан кейін жұмыс тәжірибесіне ие болу үшін мемлекет алтыайлық жастар тәжірибесін өтуді көздейді.
Диплом алған түлек (29 жасқа дейін) өз қаласының (аудан) әкімдігіндегі жұмыспен қамту орталығына барады. Жұмыспен қамту орталығы аталмыш мамандардың бірыңғай базасын қалыптастырады және жұмыс беруші компаниялардың арасындағы дипломдық бағыт бойынша бағдарламалардың қатысушыларын бөледі.
Жұмыспен қамту орталығы түлектермен алты айға еңбек шартын жасайды. Жұмыс күні ҚР еңбек заңнамасы бойынша еңбек шарттарына сәйкес анықталады.
Жастар тәжірибесіне бағытталған бағдарламаларға қатысушылардың ай сайынғы төлемі 18 айлық есептік көрсеткіштерді (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмағае еңбек демалысы үшін өтемақылар және банк қызметтерін шегерусіз) құрайды.
Егер жұмыс беруші тәжірибе кезінде сізді өз компаниясы үшін сай келеді деп таныса – ол сізді тұрақты жұмысқа қабылдауға құқылы. Жас маман үшін бұл нұсқа неғұрлым қолданылымды, осыған қарамастан тәжірибеде өзіңді және өзіңнің кәсіби дағдыларыңды көрсету қажет екендігін естен шығармаңыз.
Бағдарлама алынған мамандық бойынша түлектердің бастапқы жұмыс тәжірибесін арнайы алуына арналған.
Бағдарламаға қатысу үшін түлекке мыналар қажет:
Өз қалаңыздың немесе ауданыңыздың әкімдігі жанындағы Жұмыспен қамту орталығына жүгіну.
Жұмыссыз ретінде тіркелу (жасы 29-дан артық емес).
Құжаттарды беру:жеке куәлік;
диплом;
үй кітапшасы немесе мекенжай парағы;
зейнетақы қорынан шарт;
Халық банкінен ағымдық дербес шот;
денсаулық жағдайы туралы анықтама ф.086-У.
Бұдан басқа «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру аясында кәсіби білім беру орындарының базасы қалыптасады және «Жастар еңбек биржасы» бірыңғай ақпараттық порталы, «Жұмыс» ақпараттық порталы құрылады.
«Дипломмен – ауылға»
ЖОО мынадай мамандықтар бойынша аяқтаған студенттер үшін:
білім беру;
денсаулық сақтау;
әлеуметтік қамтамасыз ету;
мәдениет және спорт;
ветеринария.
Мемлекет жас мамандарды әлеуметтік қолдаумен ауылдық жерден жұмыс ұсынады:
70 АЕК мөлшеріндегі көтерілуге көмектің бірыңғай жәрдемақысын төлеу;
бюджетный кредит для приобретения и строительства жилья сроком на 15 лет, со ставкой вознаграждения в размере в размере 1500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге тұрғын үй сатып алуға және құрылысына арналған бюджеттік несие;
ауылдық елде мекендерде орналасқан әлеуметтік сала мекемелерінің мамандарына лауазымдық еңбекақының тарифтік мөлшерлемесінен 25 % кем емес (қалалық елді мекенде) арттыру.
Бағдарламаға қатысу үшін:
сіз таңдаған елді мекеннен жұмысты өзіңіз табуыңыз (ауылдық мектеп, аурухана, Мәдениет үйі, спорт кешендері және т.б.);
жұмысқа қабылдағанда кандидат аудандық комиссияға бағдарламаға қатысуға өтініш беру;
жұмысты өзіңіз іздеу мүмкіндігі болмаған жағдайда сіз ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне немесе аймақтардағы жауапты қызметкерлерге жүгіну;
аймақтардағы кадрлардың қажеттіліктері туралы мәліметтер облыстық әкімдіктердің басқармаларының сайттарында орналастырылуы қажет.
Қажетті құжаттар:
Көтерме жәрдемақы алған кезде:
өтініш;
жеке куәлік көшірмесі;
білім туралы құжаттың (дипломның) көшірмесі;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер.
Тұрғын үйді сатып алуға бюджеттік кредит алу үшін қосымша:
сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
неке туралы куәлік көшірмесі (болған жағдайда);
аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама ұсынылады.
Тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде қосымша:
маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;
кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;
кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;
берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім;
неке туралы куәлік көшірмесі (болған жағдайда);
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады. Жоғарыда аталған құжаттардан басқа құжаттарды ұсынуды үміткерден талап етуге жол берiлмейдi.
Соңғы үш жылда «Дипломмен ауылға» жобасының аясында республиканың ауылдық елді мекендеріне 24 577 маман қатыстырылған.
«Жастар кадрлық резерві» бағдарламасы
ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Нұр Отан» ХДП қолдауымен жас талантты, белсенді қазақстандықтар қатарынан елдің басқарушы кадрларын анықтау, іріктеу, дайындау және тәрбиелеуге бағытталған «Жастар кадрлық резерві» жобасы іске асырылды.
2009 - 2016 жж. аралығында «Жастар кадрлық резерві» жобасына 14 000 астам жастар өтінім берген, олардың ішінде 420 адам ашық конкурстық іріктеуден, тестілеуден, оқыту модульдерінен, кәсіби құзыретті бағалаудан, әр түрлі ұйымдардан тағылымдамадан өтті. Конкурстық іріктеуден өткен қатысушылар мемлекеттік басқару, бизнес, ғылым, білім, қоғамдық ұйымдар, БАҚ жетекші өкілдерімен кездесті.
2016 жылы жобаны іске асыру сондай-ақ жас мамандар қатарынан елдің басқару кадрларын анықтау, іріктеу, дайындау және тәрбиелеу және үш бағыттар бойынша әлеуметтік-маңызды қызметті қосуды болжайды:
Мемлекеттік қызмет
Бизнес-қауымдастық
Қоғамдық саяси қызмет
Іріктеу туры бірнеше кезеңдерде өтеді:
Жобаның ресми сайтында анкета толтыру, ресми өлшемдер бойынша анкетаны бағалау (жасы, білімі, жұмыс орны, кәсіби дағдылар, зияткерлік әлеуетті бағалау, эмоционалдық интеллек, эссе және т.б. жазу). Бастапқы іріктеу нәтижесінде келесі кезеңге 300 конкурсант жіберілетін болады.
Логиканы тестілеу, мемлекеттік тілді білуі және жобаның қатысушысының псхологиялық суретін анықтау (тестілеуді өткізу орны және кестесі іріктеудің 2-кезеңіне өткен 300 конкурсанттың нәтижелерін жариялағаннан кейін анықталатын болады).
Біліктілікті бағалауға сұхбаттасу жобаның 32 үздік қатысушысын анықтайды (әр аймақтан 2 конкурсантбойынша). Сұхбат республика аймақтарында дирекция мүшелерімен, аймақтық үйлестірушілермен, «Болашақ» Қауымдастығынан сарапшылармен және «Нұр Отан» ХДП өкілдерімен жүргізілетін болады.
Бұдан әрі, конкурсқа қатысушылар жетекші отандық және шетелдік мамандардың қатысуымен дәрістерді, семинарларды тренингтерді, мастер-класстарды, асессменттерді (кәсіби біліктілікті бағалау), сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарда тағылымдамадан өтуді қамтитын оқыту модульдер өтеді.
Жобаның қорытындылары бойынша неғұрлым жоғары рейтинг жинаған 32 конкурсқа қатысушы сертификат алады және мемлекеттік қызметке, бизнес саласына және қоғамдық қызметке келіп түскенде барынша жоғары лауазыммен айналысу үшін резервте тұрған адамды жылжытуды қарастыруға ұсыну болып табылатын кадрлық резервке тіркелетін болады.