Екі мың ересек қатысқан зерттеу өміріңізде бәрі сәтті және өз ретімен жүріп жатқанын көрсететін негізгі белгілерді анықтады. Бір қызығы, зерттеуге қатысушылардың жартысынан көбі өздерін жолы болғыш деп айтқан.
Зерттеуді ұйымдастырушылардың бірі — Buzz Bingo өкілі ұсақ-түйекті байқап, оларға қуанудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті: "Зерттеу бойынша, ұсақ-түйектер шынымен де шешуші мәнге ие және олар шынымен де өміріңізді жарқын ете алады. Жеңісіміздің қаншалықты үлкен немесе кіші екеніне қарамастан, біз сәттілік біздің жағымызда екенін сезе аламыз".
Зерттеушілер ұсынған жолы болғыш адамдарға тән 35 белгі:
1. Жоғалтып алып, ұзаққа дейін табылмай жүрген затыңызды тауып алдыңыз
2. Жағдайға сай айтқан әзіліңіз "өтіп кетті"
3. Туған күніңіз (немесе одан кейінгі күн) демалысқа келіп қалды
4. Сіз келгенде кезек аз болып, сізден кейін көбейіп кетті
5. Кинода алдыңызда ешкім отырған жоқ
6. Жұмысқа кешігіп қалсаңыз, бастығыңыз жұмыста жоқ
7. Суретте жақсы шықтыңыз
8. Викторина көрсеңіз, жауабын біліп тұрасыз
9. Сүйікті көйлегіңіз немесе костюміңіз сізге әлі де жарасады
10. Сіз жақындай бергенде бағдаршамның жасыл түсі жанады
11. Жанармай құятын жерде кезек жоқ
12. Пойыз бен тікұшаққа кешігіп қалып едіңіз, оларда кідіріс болып, үлгердіңіз
13. Күтпеген жерден жалақыңызды көтерді
14. Лотерея ұтып алдыңыз (ұтыс қомақты болмаса да)
15. Бірдеңені өз қолыңызбен жасадыңыз, ол дәл нұсқамадағыдай болып шықты
16. Отырғызған өсімдігіңіз жақсы гүлдеп шықты
17. Сіз демалған күні ауа райы керемет болды
18. Кепкен киімді ішке кіргізген кезде жаңбыр жауып кетті
19. Сіз барғыңыз келмеген шара болмайтын болды
20. Таныс емес адам сізге қошемет сөз айтты
21. Бірдеңеге бәстестіңіз, нәтижесінде сіздің айтқаныңыз дұрыс болып шықты
22. Аялдамаға сіз келген бойда автобус келді
23. Қарбалас уақыттың өзінде транспорт ішінен сізге бос орын табылды
24. Үйде жалғыз қалып, демалуға мүмкіндік бар
25. Жұмыртқаны жарғанда оның сарысы бүтін қалды және қабығы ыдысқа түсіп кеткен жоқ
26. Тапсырысыңыз сіз ойлағаннан да ерте келді
27. Арманыңыздағы затты алуға ақшаңыз жетті
28. Құрылғыны немесе бағдарламаны бірінші реттен дұрыс қондыра алдыңыз
29. Серігіңіз тамақ істемей-ақ, кешкі асты тапсырыспен алдыртуды ұсынды
30. Үйге кешкі ас дайын болған кезде келдіңіз
31. Көлікті бірінші реттен тұраққа қоя алдыңыз
32. Постыңыз көп лайк жинады
33. Балаңыз түнімен тыныш ұйықтады
34. Қолыңызда пакет көп болса да, үйдің кілтін бірінші талпыныстан-ақ таптыңыз
35. Қажет нәрсені қайда қойғаныңызды бірден еске түсірдіңіз.