Көпшілік адамдардың жол жүргенде жүрегі айнып жатады. Бұл ауру медицинада "кинетоз" немесе "қозғалыс" ауруы деп аталады. Алғаш рет адамдар теңізга шыққанда осындай термин пайда болды. Теңізшілер бұған көндігуден басқа амалдары болмады. Қазір де адамдар автокөлік, автобус, пойыз, ұшақ және өзге де қозғалыс көлігімен жүргенде жүрегі айнып жатады. Алайда, бүгінде бұл "дертпен" күресу жолдары баршылық. Мұндайда не істеу керегін дәрігер Анна Покровская айтып берді.
Бұл ауру емес
Сонымен, "қозғалыс ауруы" немесе "кинетоз" жұқпалы ауру емес, дененің әдеттен тыс ынталандыруға немесе тітіркендіргіштерге реакциясы. Яғни, дене физикалық тұрғыдан дайын емес келетін шамадан тыс қозғалысқа жауап ретінде тітіркенудің белгілі бір механизмдерін қосады.
© severstolici
Кім жиі зардап шегеді?
Кинетоз екі жасқа дейінгі нәрестелерде кездеспейді, бірақ үлкенірек және 13-15 жасқа дейінгі балалар үшін бұл жағдай саяхаттауға елеулі кедергі болуы мүмкін. Жүкті әйелдер де "қозғалыс ауруына" сезімтал келеді.
"Қозғалыс ауруы" кезінде құсу, жүрек айнуы, сілекейдің көп бөлінуі, терлеу белгісі, иіске төзбеушілік болуы мүмкін.
"Қозғалыс ауруынан" қалай құтылуға болады?
• Ең алдымен, сапар кезінде машина ішіне таза ауа кіріп тұрсын және көлікте ыңғайлы (салқын) температура болуы қажет;
• Жол жүруден 1-2 сағат бұрын тамақтану керек, бірақ артық тамақтанбаңыз! Саяхат кезінде жаңғақтар, кептірілген жемістер жеп, лимон немесе имбирь қосылған су, тәтті шай ішуге болады;
• Кинетозбен ауыратын адамды қозғалыс бағытына қаратып отырғызу ұсынылады, ал орын көліктің ортасына неғұрлым жақын болса, соғұрлым жақсы. Ұшақта қанаттар арасындағы орындарды таңдаған жөн, сондықтан бұл жағдайда ерте тіркелу бізге көмектеседі. Теңізде кеменің ортасындағы орындарды таңдаңыз;
• Көлік жүргізу кезінде басыңызды белсенді айналдыруға және терезенің сыртындағы жыпылықтаған заттарға қарауға болмайды, бұл жағдайды нашарлатады. Алға қарап отырған дұрыс. Сондай-ақ машинада жатпау керек, ыңғайлы отыру жақсы;
• Смартфонның, планшеттің экранына қарамаңыз, көлік жүргізу кезінде кітап оқымаңыз;
• "Қозғалыс ауруына" көмектесетін фармацевтикалық өнімдер де бар. Олар нұсқауларға сәйкес қатаң түрде қабылданады. Егер бар әдістер жүрек айнуын жеңуге дәрменсіз болса, терапевтпен кеңесіңіз.