Халықаралық сараптама жасау орталығы осыдан біраз уақыт бұрын үлкен тәжірибе жұмысын жасады. Ол тәжірибе жұмысының нәтижесінде ғалымдар түрлі қызық жағдайларға тап болған. Ең қызығы жігіттерге қарағанда қыздар талғампаз әрі өздеріне нақты не керек екенін білмейтін болып шыққан. Сонымен ол қандай тәжірибе?
Ғалымдар алты қабатты үй салып, әр қабатына адамдар тұрғызады. Ол адамдар ұйымдастырушы тараптан алынады. Ал тәжірибеге қатысушылар тұрмысқа асығып жүрген қыздар мен отбасын құрғысы келіп жүрген жігіттер қауымы. Жалпы саны алты мың қыз бен жігіт қатысқан. Яғни теңдей үш мыңнан бөлінген.
Тұрмысқа шыққысы келген қыздарға жасалған тәжірибе нәтижесі:
Өзіне жақсы жар іздеген қызды алты қабатты үйге кіргізеді. Алғашқы қабаттан күтіп алған адам оған: « Сіз осы жылы тұрмысқа шығасыз!»,-дейді. Қыз екінші қабатқа көтеріледі. Ол жерде: «Сіз сұлу жігітке тұрмысқа шығасыз!»,- десе, қыз үшінші қабатқа көтеріліп кетеді. Онда барса оған: «Сіз сұлу әрі бай жігітке тұрмысқа шығасыз!»,-дейді. Қыз төртінші қабатқа барады. Оған: «Сіз сұлу, бай және ақылды жігітке тұрмысқа шығасыз!»,-дейді. Бірақ қыз тоқтаған жоқ. Бесінші қабатқа шығады: «Сіз әлемдегі ең керемет, бай, сұлу, ақылды жігітке тұрмысқа шығасыз!»,-дейді. Оған да көнбеген қыз алтыншы қабатқа көтеріледі. Ал алтыншы қабаттағы адам оған. « Сіз бар бес мүмкіндіктен айрылып қалдыңыз. Қанағатсыздық танытып бәрінен қағылдыңыз»,-деп қайтарып жібереді.
Отбасын құрғысы келетін жігіттерге кезек келеді. Алғашқы жігіт бірінші қабатқа кірген кезде оған: «Сіз осы жылы отбасын құрасыз!»,- дейді. Екінші қабақта көтеріледі: «Сіздің жарыңыз сондай сұлу болады!», -деп шығарып салады, үшінші қабатқа келген кезде: «Сіз сұлу әрі ақылды қызды әйел қылып аласыз»,-дейді. Бір қызығы жігіт осы қабаттан қайтады.
Тәжірибе нәтижесінде зерттеуге қатысқан қыздардың жүзден тоқсан бес пайызы алтыншы қабатқа көтерілген. Ал жігіттердің бәрі үшінші қабаттан қайтқан. Ғалымдар сараптай келіп: «Қыздар өзіне нақты не керек екенін білмейді. Олардың жұмбақ болып жаратылғаны содан. Ал жігіттерге ақылды әрі сұлу қыздар болса болды»,-деп түйіндейді.
Құрметті қыз-жігіттер, өмірде идеал адам болмайды. Барға қанағат қылып, жақсы өмірді бірге қалыптастырыңыздар!