- Негізгі бет
- Жаднама
- Жетістікке жету: Дэн...
Жетістікке жету: Дэн Вальдшмидттің «керек» дейтін керектері
Бизнес әлемінің ішіне сіңіп, оның құрылымын жетік меңгерген, тілге шешен, өзі көшбасшы, әрбір жазылған блогы миллиондаған көрілім мен талас тудыратын Дэн Вальдшмидт бүгінгі күнгі көзқарасымен қарай отырып, қоғамға, адамға дер кезінде «керек» дейтін он төрт түрлі әрекеті арқылы жетістікке жетудің құпиясын бөлісті.
1. Сізге сіз қорқып жүрген қоңырауға жауап беру керек.
2. Сізге сіз ойлағаннан бұрын ерте тұру керек.
3. Сізге сіз өзіңіз алғаннан көп беру керек.
4. Сізге көп қамқорлық жасағандарға тағы да қамқорлық жасау керек.
5. Сізге қансырап жатсаңызда да, әліңіз кетсе де күресу керек.
6. Сізге бас тарту керек болып тұрған жағдай болса да тәуекелге бару керек.
7. Сізге өзіңіз үшін қор жинау керек, мұны басқа ешкім істемей жатса да.
8. Сізге сұрағыңызға жауап іздеу кезінде ақымақ болып көріну керек.
9. Сізге жауаптан бас тартуға тура келіп тұрса да, нәтижеден бас тартпау керек.
10. Сізге бәрі қарсы келген күні жауап беруге дайын тұратын өз түсінігіңіз болу керек.
11. Сізге қателісіп көру керек.
12. Сізге қиын болып, тынысыңыз тарылса да жүгіру керек.
13. Сізге жұмыс қиындық тудырып тұрса да, жауапкершілікті сол қалпында сезіну керек.
14. Сізге тек алдыға ұмтылу керек
М. Ақан