- Негізгі бет
- Жаднама
- Жетістігіңіз өзіңізге байланысты......
Жетістігіңіз өзіңізге байланысты...
Жетістігіңіз тікелей өзіңізге байланысты. Яғни, жан тазалығы, ой тазалығына байланысты. Тек өзіңізге "Не істеймін? Қалай істеймін? Нәтиже қандай болады?", – деген секілді сұрақтарды дұрыс қоя біліңіз. Дұрыс сұрақ қою – дұрыс жол табуға көмектеседі.
1. Өзіңіз туралы жаман ойлауды доғарыңыз! Сіз ешкімге ұқсамайтын ерекше жансыз. Өзін-өзі тым төмен бағалау алға жылжуға кедергі келтіреді. Осыны әрқашан есіңізге салып отырыңыз. Құдай сізді бұл дүниеге бекер жіберген жоқ.
2. Сіз туралы адамдардың жаман ойлауы сізді мүлдем уайымдатпасын! Жаман сөз айту әлсіз адамдардың ғана қолынан келеді. Нақты мақсат қойдыңыз ба, біреудің сөзін ешқашан елемеңіз. Жетістікке жетем деген адам өзінен мықтылармен араласып, артынан келе жатқандарға үлгі көрсетеді.
3. Әрқашан өзіңіздің не істеп жүргеніңізді ойланып жүріңіз. Өзіңіздің кім екеніңізді, дәл қазір не істеп жүргеніңізді, не істегіңіз келетінін білу арқылы өзіңізді қамшылай аласыз.
4. Өмірде қиыншылық, жеңіліс жоқ, тек тәжірибе ғана бар. Өз жолыңызда осындай қиыншылықтарды, теңізде бағдар беріп тұратын "маяк" деп біл. "Маяксыз" тура жол тауып бару қиын.
5. Сіздің қолыңыздан бәрі келеді. Егер шынымен білек сыбана кіріссе, адам алмайтын қамал жоқ. Адам жасағанды адам жасайды. Тек ынта мен жігер болса болғаны. Бойдағы жалқаулықты жеңіп, іске кірісетін уақыт жетті.
Ж. Жұмағұлов