Табысқа жетелейтін үш қысқа жол бар. Бұл әдістер көп жұмыс істеуді емес, ақылмен жұмыс істеуге үндейді. Табысқа жетуде адаспау үшін нағыз даңғыл жолдармен жүргеніңіз бек дұрыс.Кейбір адамдар табысқа жету жолына сенбейді. Олар тек қана ауыр жұмыс арқылы ғана қалаған барлық нәрсеге қол жеткізуге болады деп ойлайды. Бірақ ауыр жұмыс істейтін және көп еңбек ететін адамдар әрқашан жеңіске жете ме? Ол бөлек әңгіме... Былай елестетіп көрейік, табысқа жету үшін қысқа жол жоқ, әр адам өз жұмысына лайықты деңгейде ғана табысты дейік. Онда бұл дегеніңіз жылына 11 миллиард доллар табатын Билл Гейтс (1,3 миллион доллар сағатына) жылына жатпай-тұрмай еңбек етіп, 50 мың долллар табатын қарапайым америкалық жұмысшыдан 54 000 рет артық жұмыс істеді деген сөз. Бұл мүмкін бе? Әр адам ауыр жұмыстың артында міндетті түрде сыйақы болатын біледі. Бұл солай да.Бірақ сіз мүмкіндіктеріңіздің шегінен асып кете алмайсыз. 1. Жалғыз бастамаңыз, сізге үйрететін ұстаз керек... Маған айтсаң ұмытып қалам, оқытсаң есімде сақтай алам, қызықтырсаң үйренем. Бенджамин Франклин, америкалық саясаткер, дипломат, жазушы Кейде табысқа жету жолы тым ұзақ көрінеді, содан соң ол табысқа емес, басқа жаққа апара жатқанын түсінесіз. Себебі, қандай да бір маңызды дүниелерді ұмыт қалдырасыз, үлкен қателіктер жасайсыз. Кез келген ұлы тарихта кейіпкердің орта жолда еңсере алмайтын оқиғаларға тап келетін тұстары болады. Бұл оған әлденені үйрететін тәлімгер ұстаздың керек шағы.Егер ақылды бір адам жол көрсетпесе, сіз бұдан әрі қарай жүре алмайсыз.Фродоға Гэндальф, Люкке Оби-Ван керек болды. Дәл сол секілді сізге де бір тәлімгер керек. Көптеген адамдар барлығын өзі көргеннен жетістікке жетпейді.Керісінше, олар керек уақытта керек адамды жолықтыра алды дегеніміз әлдеқайда дұрысырақ әрі ақылға қонымды. Сіз өздігіңізден ақылды болмайсыз, сізге ақылды біреу жол көрсетеді. Содан кейін барып сол жолға бар күшіңізді жұмсайсыз. Әрине, біреу келеді екен деп қол қусырып күтіп отыра беруге де болмайды. Біреулердің жолы болады, ал, енді біреулерге жетістік жолын іздеуге тура келеді. 2. Ешқандай велосипед ойлап табудың қажеті жоқ. Бар нәрсені қолданыңыз. Нағыз білім бұл ғылым мен өнер саласынан алынған бірнеше деректерді білу емес, сонымен қатар мінез-құлықты дамыту. Дэвид О. Маккей, дін өкілі, педагог Жол көрсететін адамды қалай табасыз? Ойда жоқта қалаған адамыңызды табу өте қиын. Сізге көмегі тиеді-ау, ақыл-кеңесін айтады-ау деген атақты адамдардың уақыты бола бермейтіні белгілі. Сол себепті сізге осылардың ішіндегі біреуімен кездесуге тырысу керек. Оның сізді үнемі оқытатын уақыты болмайды. Сондықтан да сізге бірнеше тәлімгер іздеуге тура келеді. Өзіңізді үйренуші шәкіртпін деп есептеңіз. Өмір жолында кездесетін әрбір адам сізге ұстаз. Олардың қай қайсысы да әйтеуір бір нәрсені үйренесіз. Ең мықты ұстаздарыңыз айналаңыздағы адамдар Алайда, тәлімгерді табу жұмыстың жартысы ғана. Одан өзіңізге керекті білімді жинақтап қана қоймай, үйретуге деген ынтасын арттыруыңыз қажет. Кішкентайдан бастаңыз Адамға бірден Менің ұстазым боласыз ба? деп сұрақ қоюға болмайды. Әуелі аздаған уақытын бөлуін сұрап, оны бірге отырып түстенуге шақырып, кофе ішуге ұсыныс жасаңыз. Оны сөйлетіңіз Оның жетістігінің тарихын айтып беруін сұраңыз. Мүмкіндігінше көбірек сұрап, нақты сұрақтарды дайындап, аз сөйлесуге тырысыңыз. Ешкім адамның осындай қызығушылығына қарсы тұра алмайды және көптеген пайдалы ақпараттарды есте сақтауға көмектесетін әңгімеге естисіз. Қағазға жазып отырыңыз Ол сөйлеп жатқанда керекті жерлерін телефонға емес, қойын дәптеріңізге түртіп отырыңыз. Бұл әрекетіңіз оның әңгімелесуге деген құлшынысын оятады. Телефонды қолдану сәл әдепсіздеу көрінуі мүмкін. Себебі, ол сізді әлдебіреумен хат алмасып отыр деп немесе поштасын тексеріп отыр деп ойлауы мүмкін. Кейінгі әрекет Бұл сізге өзінің жетістік тарихымен бөліскен адаммен қарым-қатынастың ең маңыздысы. Оған уақытын бөліп келгені үшін рахмет айтыңыз. Жалпақтаудың қажеті жоқ Жай ғана өзіңізді уақытын текке кетірмеген адам ретінде ұстаңыз. Айтылғанкеңестерді орындаңыз. Табыскер адамдар көңіл-күйлері мен идеяларын бөліскісі келеді.Өйткені, бәрі жетістікке ұмтылған адамға көмектесуді қалайды, сондықтан оның жетістігі үшін өзін жауапты сезінеді. 3. Қолы ашық адам болыңыз, әрдайым көмектесіңіз Кейбір табысқа жеткен тұлғалар өздерінің бұған қалай жеткенін жасыруға тырысады. Ал, енді біреулері жетістік тарихымен бөліседі, кітап жазады, әлеуметтік желілерге жазады. Ешқашан сараң болмаңыз. Ол сіздің жауыңыз: Сараңдық шығармашылық қабілетті өлтіреді. Ал, кеңпейілділік оған күш береді. Сараңдық қорқыныш тудырады, кеңпейілділік батыл ете түседі. Сараңдық адамдардан алшақтатады, кеңпейілділік жақындатады. Бұл шынымен жұмыс істей ме? Бұл кеңестерді оқыған барлық адамның көкейінде күмән тұрады. Адамдар әр түрлі ғой. Оның жауабы төмендегідей: Неге беделді адамдардың көмегіне жүгіну керек? Олар жайдан жай көмектеспейді ғой... Солай да болуы мүмкін. Шынымен олардың уақыты есептеулі. Бірақ олар әрдайым көмектесуді өздеріне парыз санайды. Әдетте олар кімге көмектесетінін таңдағанда, бәрінен үмітті, ертеңге деген сенімі жоғары адамдарды таңдайды.Ең жақсысы сіз барлық нәрсені білетін адам ретінде жәнеөзі туралы айтудан жалықпайтын адам ретінде емес, үйренуге тырысатын, көп сұрағы бар өршіл адам ретінде есінде қалуға күш жұмсаңыз. Табыскерлер біз айтқандай соншалықты өзімшіл ме? Жоқ, әсте олай емес. Барлығы бірдей емес. Әдетте біз өзімізді бір салада маңызды адам сезінетініміз бар. Сол себепті сіз де кездескен табыскер тұлғамен қайырымдылық қасиеттері жөнінде емес, оның жеке тұлғалық жағы жөнінде көбірек тілдесуге тырысыңыз. Әркім өз жолын қалыптастыра алады. Ең бастысы нақты нысанаңыз болсын. Мына нәрсені ұмытпаңыз, өз ақылыммен жетем деп қымбат жылдарды құртпаңыз. Керісінше, оқуға, білім алуға қаражат жұмсағаныңыз әлдеқайда тиімдірек. Мүмкіндіктер сіз ойлағаннан да жақын жерде. Жай ғана қадам жасау қажет. Жетістікті күтіп отырмай, оған жетудің жолын іздеңіз. Дәл қазір.