Жаттығу залының ережелерін білесіз бе?

Стандартты жаттығу залдарының жалпыға ортақ бес ережесі бар. Ережелер айтарлықтай қарапайым болса да, келушілердің қатарында оларды да сақтамайтындар табылады.

1. Тазалықты сақта

35 пайыз тұтынушы өзінен кейін тазалап кетуді білмейді. Жеке гигиенаны сақтамайды.

2. Қауіпсіздік ережелерін сақта

23 пайыз келушілер ауыр штанганың астында жалғыз мақтануды біледі. Сосын кеудесіне ауыр соққы алады. Досыңнан көтеру үдерісін бақылап тұруын сұра. Өзің де шамаңа қарап көтер.

3. Дұрыс жаттығудың түрін таңда

30 пайыз ер жаттығушы әйелдерге арналған жаттығу машықтарында жүреді.

4. Өзгеге кедергі болма

65 пайыз қатысушы алдында өзге орын көп болса да, жүгіру жолағында қасындағы тұтынушыға жақын жерде жаттығу жасайды.

5. Өзіңнен кейін жинап кет

16 пайыз келуші ғана өзінен кейін алған тастарды қайта орнына қоя біледі. Бұл ұқыптылықтың ең төмен көрсеткіші.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.aprofit.kz