- Негізгі бет
- Жаднама
- Жасырынған құжатты қалай...
Жасырынған құжатты қалай ашуға болады?
Сұрақ: Фотоаппараттың сақтаушы жадында тұрған суреттер компьютерге салынғанда, көрінбейді. Ал фотокамераға салсам, барлық суреттер көрініп тұр. Қалай істеуге болады?
Жауап: Сұрағыңыз түсінікті. Бұл жағдай тек фотокамераның сақтаушы жадында ғана емес, түрлі флэшкарталардың және компьютердің сақтаушы қатты дискісінде де көрінеді. Алаңдаудың қажеті жоқ. Оны көрсетудің жолы оңай.
Бірінші жолы: 1-суретте көрсетілгендей, құжат қалтасының «Свойства» бөлімін таңдап, оның ішіндегі «Общие» терезесінен «Оқылсын» («Только для чтения») деген мазмұнға таңдау белгісін қоямыз.
1-сурет
2-сурет
Екінші жолы: «Бастау» («Пуск») терезесінен «Басқару тақтасын» («Панель управления») ашамыз. Басқару тақтасынан «Үлкен белгілер» («Крупные значки») бөлімін таңдаймыз. Бұл бөлімнен «Құжат параметрі» («Параметры папок») терезесін ашып (суретте көрсетілгендей), «Барлық құжат қалталары көрінсін» деген бұйрықты таңдайсыз және «Вид» қосымша терезесінен «Барлық жасырынған құжат қалталары көрінсін» деген бұйрықты таңдайсыз.
3-сурет
4-сурет
5-сурет
6-сурет
7-сурет
Сұрақ: Не үшін құжаттар "жасырынып" қалады?
Жауап: Өйткені сол құжат қалтасына вирус жұққан немесе вирус жеп қойған.
Ісіңізге сәт!
Автор: Мейіржан Әуелханұлы
M. Auelkhan