Өзге бүркіттердің өзінен жылдам ұшатындығына іштей қызғаныш білдіретін бір бүркіт аңшыға:
«Анау аспанда көз ұшында қалықтап жүрген бүркіттерді атып беруіңді үміт етемін»,-депті. Аңшы:
«Қауырсыныңнан жұлып берсең, сөз жоқ, атып беремін»,-депті аңшы.
Бүркіт бірнеше тал қауырсынын жұлып аңшыға беріпті, бірақ, аңшы әлгі бүркіттерді дәл көздеп ата алмапты, сонымен, атып тигізе алмаған сайын бүркіт қауырсынын оған сыйлай беріп, ақыры аяғында қауырсынының бәрінен айырылыпты.
Сөйтіп аңшы оны шап беріп ұстай алып, сатып жіберіпті.
Шындығында бұл аңшының бүркітке алдын ала құрған тұзағы еді.
Мен саған қоғамның толып жатқан ізгі жақтарын әңгімеледім. Енді оның айла-шарғы және алдамкөстікке толы қабаттас жағы да болады. Тірлікте адамдар қисынсыз істерге де барады. Бұл таңғаларлығы жоқ қалыпты жағдай!
Тіршілік жолын іздеу барысында адам абайлаймын десе де қорғана алмайтын нәрсе бар, ол – тұзақ.
Сен аңшылардың әртүрлі тұзақпен аң мен құстарды ұстайтынын көрсең ғана, адамзат қоғамындағы тұзақтың соншама үрейлі екенін түсінесің! Сондықтан тұзақты парықтау және оған арандалып қалудан сақтану, сөз жоқ, әзірлеуге тиісті қабілет.
Шынтуайтына келгенде, алдау ісін айыра білу төтенше қиын, өйткені, ол жан-жақтылы жоспарланған, көз бояу сатысынан өткен, бейне аңның өзі де айыра алмайтын шөп-шалаңмен далдаланған аңшылардың тұзағы сияқты.
Десе де тұзақты парықтау қиын болғанымен, оның мәнін түсіну қиынға соқпайды.
Ол сан алуан болғанмен түрге айыруға келмейді. Сол тұзақтарды құруда адам мінезіндегі әлсіздіктен пайдалану ең негізгі ұстаным саналады.
Қоғамда алуан түрлі тұзақтар болғанымен оның барлығы адамға ұшырай бермейді, егер сен әрқандай істе әділ және табанды болсаң, құр қиялға берілмесең тұзаққа басып арандалуың да аз болады, мұндағы ең маңызды мәселе: сен өз кемшілігіңді түсінуің, оған дұрыс тұрғыдан қарауың керек.
Сондағы айтарым, өзіңнің әлсіз жағыңды шамалай біл, өйткені осы әлсіз жағың сенің өзіңді қорғауыңа бөгет болады. Егер осы әлсіздігіңді түзете алмасаң, ең кемінде оны басқалардың назарынан көлегейлей алмасаң, жауың еш әрі-сәрі болмай-ақ саған ауыз салады.
Оқи отырыңыз:
Эмиль Беккет. Жастарға айтар 101 ақыл #1
Жастарға айтар 101 ақыл #2
Жастарға айтар 101 ақыл #3
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: recapo.com