Көршісімен үнемі шәлкем-шалыс келіп, күмәндана беретін бір адам болыпты. Бір күні оның сиыры жоғалып, көршісінен күдіктене қалыпты. Күдіктенген сайын көршісі сиыр ұрлаушыға ұқсай беріпті.
Арада бірнеше күн өтіп, сиыр өздігінен қайтып келіпті. Сонымен, ол көршісіне қараса, көршісі сиыр ұрлаушыға ұқсамайтын сияқты көрініпті.
Балам, сен сиыр жоғалтып, тіпті сиыр ұрлатып көрген жоқсың. Бірақ, бұл әңгіме саған мынадай екі маңызды істі ескертеді:
Біріншісі, адам көңіліне кір сақтамауы керек. Егер біреуді ұрыға балап, күмәндана берсең, күндердің бірінде сиыр қайтып келгенде ұялатын боласың.
Екіншісі, өкінерлігі, біз біреулерді сиыр ұрысындай нақақ кінәлап жатамыз. Егер сиыр сол беті қайтып келмесе, әлгі адам ел назарында мәңгі ұры болып өтеді.
Сондықтан, әрбір адамның өзіне деген сенімділігі болуы керек. Егер ұрлықтан ада болсаң, басқалар сені сиыр ұрлады деп жатса да, ол саған ықпал етпейді және көңіліңе сызат түсірмейді.
Жастарға айтар 101 ақыл #1
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: daily.com