- Негізгі бет
- Жаднама
- Жас фотографтарға нұсқаулық:...
Жас фотографтарға нұсқаулық: дұрыс түсіреміз!
Фотограф боламын деушілер өте көп. Сондықтан біз суретке түсіруде кететін қателіктер мен ең көп суретке түсірілетін жағдайларды жинастырып, дұрыс түсіру жолдарын ұсынып көрмекпіз.
Балаларды түсіруге түрлі идеялар
Баланы суретке түсіру фотографиядағы өзінше бір сала екенін, оның арнайы мамандары барын білуіміз керек. Сондықтан бұл істе аса жауапкершілік танытуыңыз керек.
Баланы суретке түсіргенде оның обьективіңізге қарату қиын екенін жақсы білеміз. Бұл үшін оны камераңызға алаңдатпай, өзіңіз түсіретін дұрыс жер таңдаңыз. Дұрыс ракурс таңдаған соң баланың обьективке қарауы міндетті емес, бар болғаны оны көз деңгейінде түсіріңіз. Фотограф тек суретке түсірумен айналыспайды, сонымен қатар режиссер бола алады.
Секіріп ойнайтын, жүгіретін ойындар суретке түсіруді қиындатып жібереді. Одан да құрастыратын ойын, сурет салу сияқты қызықты ойындарды ойнатыңыз. Әрине, баланы үйде түсіресіз. Мұнда жарықшақты (вспышка) қоспағаныңыз жөн. Себебі суреттің экспозициясын құртып, фокустық ара-қашықтықты жойып жібереді. Көздің де қызыл болып қалуы кәдік.
Үй жағдайында суретке түскенде шамдарды бірыңғай өшіріп, тек табиғи жарықты пайдаланғаныңыз жөн. Табиғи жарық терезе алды. Сол терезеден түсіп тұрған күн сәулесін дұрыс пайдалануыңыз керек. Егер жарық сонда да жетпей жатса фотоаппаратыңыздың көмегіне жүгінуіңіз керек, мәселен ұсталым (выдержка) приоритетін пайдаланыңыз.
Ғашықтардың альбомына кеңес
Ғашықтардың фотосессиясы біз айтып отырған тақырыптық фотографияның ең бір оңайы деуге болады. Себебі мұнда сіздің айтқан әрбір ұсыныңыз бен кеңесіңізді олар орындауға бар. Себебі әдемі сурет сізге емес, бірінші кезекте оларға керек. Бірақ мұнда да жауапкершілікті жастардың өзіне бұрып қоюға болмас.
Ер жігіттің өзінің сүйіктісін жоғары көтеріп тұрғаны немесе бір ғана қолымен құшақтап тұруы өте сәнді. Мұнда бастысы, киімнің мыжылмай, дұрыс тұрғанын қадағалауыңыз қажет.
Қыздың мойынға асылып тұрғаны да екі ғашықтың бір-біріне деген сезімдерін дәл бере алады. Дәл осы суреттегідей болса, яғни оң және сол жағында артық бос кеңістік қалмағаны дұрыс.
Байқап отырғандарыңыздай, жастардың обьектіге тікелей қарап тұруы да маңызды емес. Тек оларға ғана тән сәттерді бере білсеңіз болғаны. Тым жақындап, сүйісуінің менталитетімізге жат екенін де ескергеніңіз абзал.
Екі жасты көкжиекке қаратып, өзіңіз олардың қырынан түсіріп көріңіз. Тек олардың қарап тұрған жағында бос кеңістік қалдыруыңыз керек болады. Ал егер екі жас бір-біріне қарап тұрса, оларды кадрдың дәл ортасына алғаныңыз жөн.
Жоғарыдан суретке түсіру үшін балкон, терезе, сатыларды қолдануыңыз керектігін жоғарыда да айттық.
Дос-жарандармен суретке дұрыс түсіңіз!
Көпшілікті суретке түсіргенде ресми жанрды қолданыңыз. Онда барлық адам еш әрекетсіз обьективке қарап қана тұрады. Мұнда адамдарды түгелдей етіп түсіргеніңіз абзал. Барлығы суретке түсіп тұрғанда қолдың, аяқтың кадрдан кесіліп қалмауын қадағалаңыз. Екі жағынан да бос кеңістік қалмауы керек. Бойы биіктерді артқы, ал бойы кішілерді алдыңғы шепке қойыңыз.
Жоғарыдан төменді суретке түсіргіңіз келсе балконды, саты, терезелерді пайдалануыңызға әбден болады. Мұндай суретті әдетті түсіру өте қиын. Бірақ нәтижесі керемет шығады. Дәл бұлай той суреттерін де түсіруге болады.
Достарыңыздың бір-біріне жақын тұруын, тіпті құшақтасып тұруын сұраңыз. Нағыз фотограф әзілқой болуы керек. Әншейінгі жағдайда күле алмайтын адамдардың ең болмағанда миығынан мырс етіп күлуінің өзі суреттің сәтті шығуына зор әсер етеді. Мұнда да нағыз достардың суреті шығады!
Жоғарыдан төменді суретке түсіргіңіз келсе балконды, саты, терезелерді пайдалануыңызға әбден болады. Мұндай суретті әдетті түсіру өте қиын. Бірақ нәтижесі керемет шығады. Дәл бұлай той суреттерін де түсіруге болады.
Кейде әрбір топтың өз көшбасшысы айқын білініп тұрады. Немесе қарапайым бастықты ортаға алып түсіру керек. Дәл осындай суретті музыкалық топтарды түсірсеңіз ішіндегі негізгі солисті алдыңғы орынға шығарып түсіруге әбден болады. Той суреттерінде де күйеу жігіт пен қалыңдықты алға алып, қалғандарды артқы фонға қоюға болады.
Адамдарды бір қатарға тұрғызып алып, секірген кезінде өзіңіз отырып түсірсеңіз де әдемі суретсіз қалмайсыз.
Бұл суретті қалай түсіру керек екенін айтпасақ та біліп отырсыз. Адамдар бастан түйістіріп, жазық алаңға жатады, ал сіз барып, үстінен суретке түсіресіз.
Кейде достарыңызбен отырып суретке түскіңіз келеді. Бірақ мұнда да негізгі қағидаларды естен шығармауыңыз керек. Бұл өте қарапайым әдіс болғанымен, сізге жақын адамдарыңыз риза болатыны сөзсіз.
Автор: Ардақ Құлтай
Сурет: иллюстрация
А. Құлтай