Жарқын өмір салты

Жарқын өмір салты

Бақытты болғыңыз келе ме? Әр кешке разылық білдіріп, жүзіңізде күлкі ұялап тұрғанын қалайсыз ба? Мықты денсаулық, салауатты дене тұрқы мен жұмсақ теріні ше? Өз ішіңізде және сыртқы ортамен қарым-қатынаста толыққандылық болуын? Әрдайым жақсы көңіл-күйде? "Жоқ" деп жауап беретін адам жоқ болар, сірә.

Сіздермен жарқын өмір салтының құпияларымен бөліскіміз келеді. Күнделікті әдеттер мен салт жоралар ұсынылады. Қолдануда соншалық күш пен қажыр талап етілмейді. Нәтижесі, сіз күткеннен де асып түспек. 

Жалғыздық 


Әр күн сайын тыныштық алу кезеңі. 

Өз-өзіңізбен қаншалықты жиі қаласыз? Компьютерсіз, телефонсыз, теледидарсыз? Тыныштықта? Табиғат аясында? 

Өзіңізге кездесу уақытын белгілеңіз. 15-60 минут уақыт тауып, өз-өзіңізбен қалып көріңіз. Тыныштықтың тынысын есітіп, ішкі әлеміңіздің тұңғиығына батыңыз. Шын мәнінде кім екеніңізді және шын арман, шынайы тілек-ниеттеріңізді ортаға салыңыз. 

Физикалық мықтылық 


Жеткілікті қозғалып тұрасыз ба? Сыртқы түр-әлпетіңіз бен бұлшық ет күшіңізге, төзіміңізге көңіліңіз тола ма? Нені өзгерткіңіз келеді? Қандай физикалық форманы, қалай айтсақ екен, 70 жаста қандай болып көрінгенді қалайсыз? Сол жетпіс жастың физикалық бет әлпет бүгінгі өмір салтыңызға қожа болып келсе ше? 

Күн сайын йогамен айналысып, жүзіп, жүгіріп тұрыңыз. Қозғалыңыз. Дем алатын жаттығумен айланысыңыз. Ал сосын жетпістің желкесінде тұрып, өмірді өзгертуге толыққанды құлық танытқан осы күнді еске алып, күлетін боларсыз. 

Дұрыс тамақтану 

Өзіңізді күн сайын тамақтандырып тұратын өнім сапасына көңіліңіз тола ма? Қалай еді әлгі, 100 жасқа дейін өмір сүру ше? Бүгінің ас мәзірімен мүмкін бе?

Ішімдік, темекі, фаст-фуд, кофе, сахар… Бұлардың барлығы өміріңізді ұзартпайтын өнімдер. Ойланыңыз, арада 20-30 жыл өткенде дәрі-дәрмек пен дәрі тамызғышқа тәуелділікті немесе қағілез, қағынып тұрған пысықайлықтың бірін таңдап, шешіңіз?

Білім жинау 

Күніне ең аз дегенде 30 минут оқыңыз. Үнемі оқу, тоқу үстінде болыңыз. Бір орында тұрмаңыз. Өмірдің шәкірті атаныңыз. Әр күн сол білімді пайдаға асырыңыз. 

Өз бейнеңіз


Ертеңгі күннің керемет өтуі үшін жалғыз ғана бір тәсіл бар - бүгінгі теріс ісіңізді анықтау. Өткен күнді саралап тұру әдетке айналып, әр күннің соңында өзіңізден сұраңыз: "Бүгін мен үш ең маңызды нені білдім? Осы күнгі істеген ісіңіз бен ойлар келіп тоғыссын. Уақытыңызды өнімді жұмсадыңыз ба? Ақыл-ойыңыз бен денеңіздің, жаныңыздың кемелдігі үшін не істедіңіз? Бұл күні қай адамдар маңызды болды? Уақыт тауып, осы бір сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз. 

Ерте тұру

Ұйқы мен ерте туралы аз жазылмады. Егер сіз әлі күнге тал түске дейін ұйықтап жүрсеңіз, ойланатын уақыт келіпті?

Ерте тұрыңыз да, жағымды музыкалардың бірін қосыңыз, айна алдындағы бейнеңізге бір күліп алып, өзіңізге сауал тастаңыз: "Бүгін мен нені істер едім, егер бұл күн өмірімнің соңғы күні болса?"

Музыка 


Күн ұзаққа жақсы музыка қуаныш сыйлаумен болсын. Көлікте, үй ішінде. Қосылып те кетіңіз, ыңылдап та отырыңыз. Сосын күліп айтып көріңізші. 

Айтылған сөз

Ақыл-ойыңыздың кері ойларға тұншыққанын, өз-өзіңізді сынға алудан және өзгелерді өсек астында қалдырудың алдын алыңыз. Ақкөйлек пейіл мен түзу ниетті ойлар ғаламаттарды тудырады. Позитив тілеген көркем ойлар, бір демде көгеріп шыға келмек. 

Өзгелерге айтқаныңыз маңызды, бірақ, өзгелерден бұрын өзіңізге айтқаныңыз, одан да маңыздырақ. 

Мінез-құлық 

Күн сайын мінез-құлқыңызды жақсы жаққа қарай өзгертетін іс-әрекеттер жасаңыз. Табандылық, рақымдылық, төзім, адалдық, ерлік - осы бір қасиеттер, осы бір қағидаттар дамуы қажет. Ой тазалығын сақтаңыз. Жүрек әміріне құлақ түріңіз. 

Шынайылық 


Қарапайым ғана өмір сүріңіз, жай ғана өмір сүрмеңіз. Майда-шүйделердің арасында қаза таппаңыз. Басты құндылықттарға тілек білдіріңіз.

Қажеттіліктеріңіз шектелмейінше, азаймайынша, сіз өзіңізге қанағат таппассыз.

* * * 

Сұмдық әрі қарапайым емес пе? Бұларды ойға да алмаңыз, бұл кеңестер еш қиындықсыз өмір сүруге, ойлануға көмектессін. Қолыңыздан келе ме? 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: goodfon.ru; wall.alphacoders.com; wallsfeed.com; zastavok.ru

Л. Лига