Серігіңізбен үйлесімділігіңізді нумерология бойынша тексеріп көруге болады. Еркек пен әйелдің үйлесімділігін анықтау үшін олардың туған күні мен айы қажет. Бұл арқылы сіз өздеріңіздің мықты және әлсіз тұстарыңызды біле аласыз. Соған байланысты қатынаста не нәрсемен жұмыс істеу керегін анықтайсыз.
Алдымен өзіңіздің туған күніңіз бен айыңыздың сандарын қосыңыз. Мысалы, сіз 26 мамырда (26.05) дүниеге келдіңіз: 2+6+0+5=13. Егер екі таңбалы сан шықса, оларды тағы да қосамыз: 1+3=4. яғни, сіздің саныңыз - 4.
Дәл осы ретпен серігіңіздің санын анықтайсыз. Ал енді нумерология бойынша үйлесімділікті қараймыз:
1+1 – Бұл екі жеке тұлғаның қосылуы. Үнемі бір-бірін басуға тырысады және серігіне көнгісі келмейді.
1+2 – Үйлесімді жұп. Бірақ 2 саны әйелдікі, 1 саны еркектікі болғаны жақсы. Себебі 1 саны жұпқа белсенділік, қарқындылық сыйлайды. 2 саны қамқорлық күтеді, ал 1 саны қамқорлық та, түсіністік те білдіре алады.
1+3 – Бұл жерде іскерлік үйлесімділік бар. Бір-бірін жақсы толықтырады. Нағыз махаббатқа қарағанда достық болуы мүмкін.
1+4 – Бұл да іскерлік серіктестікке жақсы. Ал жеке өмірге келер болсақ, бұл адамдар әртүрлі ырғақта өмір сүретіндіктен, өзара қарым-қатынас құру қиынырақ. 1 саны белсенді, жылдам "жанады", ал 4 саны жағдайлардың жылдам өзгерісін жақсы көрмейді.
1+5 – Қатынас тұрақсыз болуы мүмкін: 1 - қызба және белсенді, ал 5 - еркіндікті жақсы көреді.
1+6 – Өте жақсы үйлесімділік. Әсіресе, әйелдің саны - 6, ал еркектікі 1 болғаны жақсы.
1+7 – Қарым-қатынас ұзаққа созылады, бірақ сезім жетіспейді. Олар бірін-бірі жақсы толықтырады, алайда олардың арасында махаббатқа қарағанда достық басым.
1+8 – Бұл жұпқа да сезім жетіспейді. Олар іскерлік, материалдық және кәсіби қатынаста бір-бірін жақсы толықтырады.
1+9 – Үйлесімді жұп: бұл жерде махаббат та, достық та бар. Бір-бірін жақсы толықтыратын тұлғалар.
2+2 – Бір-бірі үшін жаралған адамдар. Бірақ проблемалық жұп болуы мүмкін. Әркім өз толқынында өмір сүреді, махаббатта түсіністік жетіспейді. Бір-бірін тыныштандыра алмайды.
2+3 – Үйлесімді жұп. 2 саны эмоционалды жайлылық сыйласа, 3 бастама білдіреді.
2+4 – Жұптың болашағы бар. Бір-бірін жақсы түсінеді және бағалайды. Алайда бір проблема бар: екеуі де бірінші қадам жасап, шешім қабылдағысы келмейді.
2+5 – Бұл жұпта бір-біріне тартылыс бар. Бірақ қатынас тұрақсыз болуы мүмкін. Себебі 2 санында да, 5 санында да құбылмалылық бар.
2+6 – Жұптың болашағы зор. Өмірлерінің соңына дейін махаббат пен үйлесімділік сақталады. Бір-бірін өте жақсы түсінеді және бір-бірін толықтырады. Бұл жұптан өте жақсы отбасы шығады.
2+7 – Жақсы достық қарым-қатынас. Махаббат тұрғысынан проблемалар туындауы мүмкін. Себебі 7 санына өз сезімдерін ашық білдіру қиын, ал 2 оған мұқтаж.
2+8 – Үйлесімді жұп. 8 барлығын ұйымдастырады, қорғайды, ал 2 эмоционалды жайлылық сыйлайды.
2+9 – Жақсы достық қарым-қатынас болуы мүмкін, ал махаббат сирек кездеседі. Эмоционалды тұрғыда айырмашылық бар: 2 өзара қарым-қатынас құруға тырысады, ал 9 сыртқы істерден босамайды.
3+3 – Жақсы достық және кәсіби қатынастағы жұп шығады. Бір жағынан қызықты одақ, ал басқа жағынан қатынаста суықтық болуы мүмкін. Себебі олар тәуелділікті ұнатпайды.
3+4 – Үйлесімді жұп. 3 қатынасқа бастама берсе, 4 тұрақтылық сыйлайды.
3+5 – Үйлесімді жұп. Екеуі де саяхаттағанды және ортақ әсер алғанды жақсы көреді.
3+6 – Жұптың болашағы зор. Махаббат та, үйлесімділік те бар.
3+7 – Зияткерлік үйлесім жағынан жақсы жұп шығады. Ал махаббат тұрғысынан оңай болмауы мүмкін. Себебі 3 көңіл көтергенді жақсы көреді, ал 7 жалғыз қалғанды ұнатады.
3+8 – Іскерлік үйлесім болуы мүмкін, бірақ махаббат одағында проблема болады. 8 барлығын бақылағысы келеді, ал 3 қысымды жек көреді.
3+9 – Үйлесімді жұп. Қызығушылықтары ортақ және екеуі де әлемді танығысы келеді.
4+4 – Бұл жұптың қатынасы тұрақты және берік. Алайда қатынаста қырсықтық болуы мүмкін.
4+5 – Бір-бірін түсінбейді және қызығушылықтары әртүрлі.
4+6 – Бақытты жұп. Қатынаста бақыт, махаббат және үйлесімділік бар.
4+7 – Екеуі де ұстамды, сондықтан да қатынас ұзаққа созылады. Бір-бірін жақсы түсінеді.
4+8 – Екеуі де тұрақтылықты жақсы көреді, бірақ билікке талас себебінен қатынаста проблемалар туындауы мүмкін.
4+9 – Бұл екі сан жиі жақындасады, бірақ мұндай адамдар мәңгілікке қосылуы да, айырылысып кетуі де мүмкін. Бұл жерде өзара тартылыстың бары анық.
5+5 – Үйлесімді жұп. Эмоционалды ырғақтары да, пікірлері де ұқсайды. Оларды еркіндікті аңсаулары, өзгерісті қалаулары және саяхаттау біріктіреді.
5+6 – 6 үйлесімді және ұзақ қарым қатынасты қалайды, ал 5 барлық нәрседен өзгеріс іздейді.
5+7 – Бір-бірін жақсы толықтыратын жұп. Екеуі де тәуелсіз. Қатынастың ұзаққа созылуына ортақ қызығушылықтары ықпал етеді.
5+8 – Бір-бірін жақсы түсінеді. Қатынаста екеуі де тәуелділік пен шектеуді ұнатпайды.
5+9 – Үйлесімді жұп. Бұл жерде армандарға, саяхаттарға, жаңа жоспарларға орын бар. Екеуі де күнделікті істер мен тұрмыстық проблемаларға араласа бермейді.
6+6 – Жақсы үйлесім. Бірақ қатынаста тұйықтық бар: екеуі де бір-біріне ашыла бермейді.
6+7 – Жақсы достар бола аласыздар. 6 қоғамда болғанды жақсы көреді, ал 7 жалғыздықты ұнатады.
6+8 – Идеалист пен материалист одағы. Іскерлік қарым-қатынаста келіспеушілік болуы мүмкін. 6 мен 8-дің ырғақтары әртүрлі. Егер бір-біріне көнсе, қатынас ұзаққа созылуы мүмкін.
6+9 – Үйлесімді жұп. Физикалық та, рухани де үйлесімділік бар.
7+7 – Жақсы дос бола аласыздар. Екеуі де жалғыз болғанды қалайды. Үйлесімді отбасылық қатынас құру үшін бір-біріне ашылуы керек.
7+8 – Мінездері бір-біріне сай келмейді. 8 саны пайдакүнем, ренжігіш, қысым көрсетуге бейім. Ал 7 еркіндікті жақсы көреді. Егер отбасылы болғысы келсе, екеуі де өз-өздерімен жұмыс істеуі керек.
7+9 – Екеуін рухани бағыт біріктіреді. Екеуі де тұрмыстық шаруаларды жақсы көрмейді. Бұл одақ тұрмыстық тұрғыдағы сынақты көтере алмауы мүмкін.
8+8 – Егер бір-бірімен санаспаса, шегініп үйренсе, жақсы жұп шығуы мүмкін.
8+9 – 8 саны 9-ды баспаса, жақсы жұп шығуы мүмкін. Алайда олардан кәсіби тұрғыда жақсы серіктестік пайда болады. 9 ерекше идеялар береді, ал 8 материалдық базамен қамтамасыз етеді.
9+9 – Үйлесімді жұп. Екеуі бір-бірін жақсы түсінеді. Бірақ арасында келіспеушіліктер мен ашу орын алуы мүмкін.