Жапон тағамындағы паразиттері бар танымал бейнероликті қазақстандық сарапшы бағалады. Tengri LifeStyle редакциясы сарапшыдан сенсациялық видеоға қатысты пікір білдіруін сұрады.
Жапон тағамын микроскоппен зерттейтін шоу жүргі әлсіздерге арналмаған. Желі қолданушылары бейнероликті көргеннен кейін суши мен роллдан біржола бастартқанын жазды.
Қазақстандық эпидемиолог Бағила Төлепбайқызы арнайы сараптамасыз видеода нақты қандай паразиттер көрсетілгенін айту қиын екенін айтады. Видеодағы балық дұрыс өңделмеген, оның бетінде гельминттердің дернәсілдері мен жұмыртқалары қалған болуы мүмкін.
«Дөңгелек құрттар адам ағзасына оңай еніп, гельминтоздың (паразиттік гельминт құрттарынан болатын ауру) көзіне айналады», - дейді ол.
Бұл ауру тесілген жараға ұқсайды, өйткені гельминттер асқазан мен ішектің қабырғаларына енеді. Көбінесе дәрігерлер осы паразиттерді жұқтырған науқасқа нақты диагноз қоя алмайды. Олар адам ағзасында ішектен тағамды сіңіру арқылы өседі.
Маман суши немесе роллды санитарлық нормаларға сай жұмыс істейтініне сенімді болған жерде ғана жеуге болатынын ескертеді.
"Өнімдерінің сертификатын тексеретін мекемелерге барған жөн. Мейрамхана немесе дәмхана санитарлық нормаларды сақтай ма, олардың асханасы таза ма, соған назар аударыңыз. Балықты қайдан алатынын міндетті түрде әкімшіден сұраңыз. Сенімсіз жеке компаниялардан тағам сатып алуды ұсынбаймын. Гельминт жұқтыру қаупін азайту үшін шикі емес, ысталған балыққа тапсырыс беріңіз», - деп кеңес береді ол.
Эпидемиолог кейінгі жылдары сапасыз васаби мен соя соусын сататын көптеген өндірушінің пайда болғанын айтты.
«Мұндай өнімдерге түрлі бояғыштар, хош иістендіргіштер және басқа да химиялық қоспалар қосылады, олар ағзаға ешқандай пайда әкелмейді», - деп түйіндеді сарапшы.
Дәрігер сонымен қатар қант диабеті бар адамдар суши мен роллдан бас тартқаны жөн деп санайды.