Жаныңызға жақсылық жию жолдары

Жаныңызға жақсылық жию жолдары
Фото: vk.com

Не болса соны уайымдап, көрінгенді көңіліне алатын, жаны тыныштық таппай , үнемі күйзеліспен күн кешетіндерге кішігірім кеңестер тізімі:

 Әр күнді мерекедей қарсы алыңыз.

Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос. 

Қасыңыздағымен керісуге себеп табылып тұрса, оны ертеңге қалдырыңыз.
Ал, егер мақтауға себеп табылса, оны сол мезетте жасаңыз.

Әр адамға тағдырмен тілдескендей сезіммен қараңыз.

Қаталдыққа қаталдықпен жауап бермеңіз.

Кек сақтамаңыз, әрқашан кешірімді болыңыз.

Өмірдің әр сәтінің дәмін татыңыз.

Уақыт пен қуатты босқа жұмсамаңыз.

Кеткен қателіктерді ойлай бермеңіз.

Ойдағыдай өмірді бастау үшін дүйсенбіні күтпеңіз.

Бақыт байлықта емес екенін ұмытпаңыз.

Жұртты жамандамаңыз.

Өзіңізге тым талапшыл болмаңыз.

Ішкі жан дүниеңізбен арпалыса бермеңіз.

Әр нәрседен үйлесімділік іздеңіз.

Шаттаныңыз!

Шаттаныңыз!

Шаттаныңыз!

А. Оралқызы