- Негізгі бет
- Жаднама
- Жаңа туған сәбиді...
Жаңа туған сәбиді шомылдыру
Шаңырақ көтерген жас жұбайлар тұңғыштары туғанда қалай қарау, қалай жуындыру керектігін бермейді. Бүгін осы жайлы аз-кем ақпарат бере кеткенді жөн санап отырмыз.
Баланы бірінші рет шомылдыру ұзақтығы 5-8 минутты құрайды. Кейін 30-40 минутқа дейін ұзартуға болады. Ал су температурасы 20-22°С болуы тиіс.
Қажетті заттарды сатып алыңыз
Жас баланы жуындыру үшін арнайы шағын ванна қажет. Балаларға арналған сабын, май немесе бальзам, сутек тотығы, құйрығына жағатын крем. Жас балаларды ешқандай шөп қоспай, таза суда шомылдырған жақсы. Себебі кез келген шөп аллергия тудыруы мүмкін. Ал қосқыңыз келсе түймедақ, итошаған қосыңыз. Сондай-ақ баланың көңілін аулау үшін түрлі жұмсақ ойыншықтар алыңыз.
Ыңғайлы уақытты таңдаңыз
Жас баланы күнде бір уақытта жуындыруды әдетке айналдыру керек. Бұл оның бір режимге үйрету үшін қажет. Ең дұрысы кешке, ұйықтар алдында жуындыру. Жылы су баланың денесін босаңсытып, өзін тыныштандырады. Содан кейін ұйқысы да жақсы болады.
Жуынатын бөлмедегі ауаны жылытыңыз
Жуынатын бөлмедегі ауа температурасы минимум 23 ˚С болуы керек. Бұл баланың бойын мұздатпау үшін қажет. Егер жуынатын бөлме суық болса бала тітіркеніп, келесіде судан қашуы мүмкін.
Дайындалыңыз
Таза орамал, жаялық пен таза киім дайындаңыз. Ваннаны ыстық сумен шайыңыз. Түбіне тайып құлатпайтын арнайы кілемше төсеңіз.
Баланы шешіндіріңіз
Баланы шешіндіріп, асықпай жуындыруды бастаңыз. Көздерін екі бөлек арнайы мақтамен сулап сүртіп, құлағын сыртынан жайлап жуыңыз. Баланың денесін мұқият сулап, жуыңыз.
Сабырлы болыңыз
Баланы бір қолыңызбен арқасынан көтеріп, алдыман басын, ішін, содан кейін аяқтарын жуыңыз. Кіндігі жазылғанша су тигізбеуге тырысыңыз. Егер су тиіп кетсе құрғақ мақтамен құрғатыңыз.
Судан шығарыңыз
Баланы құрғақ орамалмен сүртіңіз. Егер кіндігі жазылмаған болса дәрігер айтқандай маймен сүртіңіз. Құйрығына крем жағыңыз.
Дереккөз: reactor.inform.kz
О. Сансызбай