- Негізгі бет
- Жаднама
- Жалғанды жалпағынан басамын десеңіз
Жалғанды жалпағынан басамын десеңіз
Жақсы өмір сүргісі келетін жандардың назарына. Төменде келтірілген кеңестер өміріңізді жеңілдетуге арналған:
* * *
1. Мүлдем кері кеткен істерді де байқап көр.
2. 20 минутқа ерте тұрыңыз.
3. Барлық кештерге және жиналыстарға 10 минутқа ерте барыңыз.
4. Бір іске пейілділік.
5. Өзіңізден сұраңыз: болған істі қиындатпауға тырысам ба?
6. Өзіңізден сұраңыз: 5 жылдан соң мұның маңызы бар ма?
7. Пайдамен түскен немесе үнемдеген тиындарды ғана базарға (сатып алуға) жұмсаңыз.
8. Жазып алыңыз.
9. Өмірдің сіз ойлағаннан да тар екенін естен шығармаңыз.
10. Қателік жасаудан қорықпаңыз, тәуекел етіңіз.
11. Өзіңізге шын ұнаған нәрсені ғана істеңіз.
12. Азық-түлікті бір аптаға есептеп алыңыз.
13. Базар араламастан бұрын жақсылап тамақтанып алыңыз.
14. Кішкентай қуаныштардан ләззат алыңыз.
15. Су ішіңіз.
16. Асықпай тамақтаныңыз.
17. Мейірімді болыңыз.
18. Хаттарды қысқа қылып жазыңыз. Бірнеше сөйлемнен аспасын.
19. Келген хаттардың бәріне бірдей жауап беруге асықпаңыз.
20. Күйзеліске қарсы жаңа күрес түрлерін ойлап тауып, байқап көріңіз.
21. Үйіңіз бен жұмыс үстеліңізде тәртіп сақталсын.
22. "Осы жерде және осы сәтпен" өмір сүріңіз.
23. Өмірді қиындатпайтын адамдармен көп уақыт бірге болыңыз.
24. Күн сайын спортпен айналысып тұрыңыз.
25. Қоқыс пен ескі заттан құтылыңыз.
26. Сұрақ қойыңыз.
27. Барлығына бірдей ұнауды доғарыңыз.
28. Қиын істерді майда бөліктерге бөліп алыңыз.
29. Бәрін бірдей жақсы жасауға тыраштана бермеңіз.
30. Бір минутқа үзіліс жасап, жай ғана терең дем алыңыз.
31. 20 пайыз уақытты тапсырманы шешу жолын ойластыруға жұмасасаңыз, 80 пайызын тапсырманың өзін шешуге бөліңіз.
32. Бірнеше маңызды нәрсеге бағытталып, екінші кезектегі нәрселерді көңілден ада қылыңыз.
33. Күнделік жүргізіңіз.
34. Істеген ісіңіз өзіңізге ұнаудан қалса, онда басқасын табыңыз.
35. Әр жексенбіде 15 минут уақыт бөліп, алда күтіп тұрған жоспарларды саралап көріңіз.
36. Агентте артық әңгімеден тыйылу.
37. Шамалағанша, біреуден сұрап алыңыз.
38. Бірден өзгерістерді енгізе кетіңіз...
39. Кейде ерініп тұруға мүмкіндік беріңіз.
40. Бір ғана адамды сүюге тырыспаңыз.
сурет: best-dem.ru; samuihotel.ru; oboi-dlja-stola.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига