Жағымсыз ойлардан қалай арылуға болады?

Адам болғандықтан санаңызға түрлі ой келеді: бірде жаман, бірде жақсы. Тіршілік иесі ретінде ойланбай жүре алмайсыз. Ойсыз өмір сүру мүкін емес. Дегенмен ойлау жүйеңіздің бәрі жағымды болып келе бермейтіні тағы бар. Ал жағымсыз ойлар тек тығырыққа тірейді әрі шаршатады. Сондықтан біз сізге осы қиындықтардан шығу туралы кеңестер ұсынып отырмыз.

Мән бермеңіз

Санаңызда жағымсыз ой пайда болысымен, оны елемеуге тырысыңыз. Тіпті мүлде ондай ой болмағандай сезініңіз. Басыңызға келген ойға қорытынды жасауға да, талдауға да, сараптауға да талпынбаңыз. Оның орнына басқа жағымды нәрсе ойлаңыз. Ойлағыңыз келмесе де, өзіңізді күштеп ойлауға мәжбүрлеңіз. Жақсы нәрсені көп ойлауға тырысыңыз.

Этикет

Бұл біз айтып өткен бірінші ережемен селбесе жұмыс жасайды. Мән бермеңіз әрі сырттай бақылаңыз. Ақыры санаңызда сәулеленіп үлгерген жаман әрі жағымсыз ойды сырттай бақылаңыз. Бірақ іске асырмаңыз. Ойланыңыз. Өзіңізге «Маған не болды?» деген сұрақты қойып көріңіз. Сіз неге ол жаман ойды ойлауға талпындыңыз. Жағымсыз ойлар сіздің миыңызды басқарғысы келеді. Ал сіз оған жол бермеңіз. Ол үшін сіз жағымсыз ойдың өзін басқара біліңіз.

Асыра сілтеңіз

Санаңызға келіп тірелген жаман ойды одан әрі асыра сілтеңіз. Бұл жаман ойға қарсы әрекет жасау. Санаңызға «сен оны жасай алмайсың» деген тапсырма келсе, сіз «иә, мен жасай алмаймын, мен әлсізбін» деңіз. Бірақ іс жүзінде барлығын керісінше істеңіз. Ой мен сөз  істің көлеңкесі ғана. Жағымсыз ойдың ашуына тию арқылы сіз оны жеңе аласыз. Жоғарыда айтып өткеніміздей ол сізді емес, сіз оны қандай жолмен болсын басқарыңыз.

Қарсы келіңіз

Жағымсыз ойыңызға қарсы асыра сілтеп болғаннан кейін, оған қарсы келіңіз. Кейде санада пайда болатын ойларға кенеттен жасалатын шабуыл оның әрі қарай сананы меңгеруіне жол бермейді. Бұл ойыңызға келген жағымсыз нәрсенің ырқына көніп келе жатып, аяқ асты қарсылық білдіру. Сіз асыра сілтеу кезінде оның ырқына көндіңіз. Тек оймен. Бірақ іс жүзінде өз әрекетіңізді жасадыңыз. Бірақ әрекет жасай отырып, ойды да сол бағытқа аяқ астынан бұрып жіберіп, жақсы дүниеге бас қатыра қалсаңыз, санаңыздағы жаман ой шашырап кетеді. Бұл ендігі ойыңызды басқара аласыз деген сөз.

Аталған кеңестерді пайдалана отырып тәжірибе жасап көріңіз. Қолыңыздан келеді. Өйткені күн сайын үздіксіз жұмыс жасап тұрған сана қазір де жаман ойға апаруы мүмкін. Бірақ сіз кеңесті оқыған болсаңыз, оған қарсы қалай жұмыс жасау керек екенін білесіз.