- Негізгі бет
- Жаднама
- Жадыңызда болсын –...
Жадыңызда болсын – 6
Кейде оңай заңдылықтарды түсіне алмайтын кезіміз болады. Оны білген кезде, "Бұрын-соңды неге ойламадым екен? Бұл ой басыма бұрын неге келмеген?" сынды ойға қаламыз. Мұндай ой сізде болмас үшін, оңай ұғылатын ережелерді ұсынамыз.
1. Әлем сіздің ақымақ болғаныңызды қалайды. Сіз ақымақ болған сайын сізге өнімдерді сату оңайға түседі. Теледидардың диагоналі интеллектінің коэффициентіне тең.
2. Білім жүйесіне соқыр сеніммен қараудың қажеті жоқ. Ол алғашқы білім күнінде-ақ ескіріп кеткен.
3. Тоқтаусыз әрі барынша көбірек оқуға тырысыңыз. Білім мен жаңа концепцияның нақты қай кезде пайда болатынын білмесеңіз де, өмірдің алынбас қамалдарына дайын боласыз.
4. Сүйген адамыңыздың кемшілігіне көз жұма қарағыңыз келсе де, сол кемшілігі айырылысуларыңызға себеп болуы мүмкін.
5. Өзіңізден жасы үлкен адамдармен сырласыңыз. Олардың логикасын, өмірлік ұстанымын, дүниетанымын білуге тырысыңыз.
6. Таңдай қақтыратын адамдарды тауып, олардан асып түсуге ұмтылыңыз.
7. Өскен сайын адам консервативті болады. Сондықтан нар-тәуекелді талап ететін істерді жастық шағыңызда жүзеге асырып үлгеріңіз. Реформаторлық дегеніміз - қулық емес, білімнің жоқтығы.
8. Ақшаңызды ұсақ-түйекке құртпай, маңызды дүниеге жинаңыз. Дәл осы тәсіл бизнесте ақшаны орнымен жұмсауға көмектеседі.
9. Зат пен әсерді сатып алу құқығына ие болсаңыз, әсерді таңдаңыз. Не десек те, қуаныш пен естелік адам үшін бірінші орында тұрады.
10. Ақшаны үнемдеп үйренген соң оны табудың жолын ойластырыңыз.
11. Өмірдің қажет арнасында мәдениетті түрде бәсекеге түсіп үйреніңіз.
12. Жас күніңізде семіздіктен алшақ болыңыз. Артық салмақ өміріңізді 10-20 жылға қысқартып жіберуі мүмкін.
13. Тамақ жасап үйреніңіз. Бойдақ өміріңізбен қатар отбасылық өміріңізде қажет болуы мүмкін.
14. Түңгі ұйқыңыз қанық болсын. Оның жетіспеушілігі шешім қабылдауға кері әсерін тигізіп отырады.
15. Жұмыстарыңызды жазып жүріңіз. Адамның жады қанша жерден мықты болса да, барлығын есте сақтап үлгеру мүмкін емес.
16. Ұлы арманыңыз болсын. Икемділік жақсы. Бірақ алдыңызға қойған мақсатыңыз болмаса, икемділіктің ешқандай пайдасы жоқ.
17. Қызметіңізді ауыстырмас бұрын өз ісіңіздің маманына айналыңыз.
18. Адамдарды өзгертуге тырыспаңыз. Орнына түзеуді қажет етпейтін адамдарды іздеңіз.
19. 2-3 шет тілін меңгеріңіз. Оның көмегімен көрші халықтардың мәдениеті мен көзқарасын түсінесіз.
20. Мәдениетті сөйлеп, қатесіз жазуды біліңіз. Ол адамдарды басқаруға және тиянақты сөйлеуге үйретеді.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Сәрсенбек Қызайбекұлы, Рахат Ғизатолла, Бағдаулет Батырбекұлы
Қ. Бүйенбай