Жадыңызда болсын - 5

Назарларыңызға сіз бен біз білуге тиісті 27 ережені ұсынамыз:

1. Рахат сезіміне бөлену үшін ақшаны аямаңыз.

2. Ұнаса, айтыңыз.

3. Бүгінгі күніңізбен өмір сүріңіз. Өйткені кешегі күн қайтып келмейді, ал ертең не боларын кім білсін.

4. Түсінбесеңіз, сұраңыз.

5. Бір адамды көргіңіз келсе, кездесуге шақырыңыз.

6. Қаласаңыз, өтініш білдіріңіз.

7. Еш уақытта сөз таластырмаңыз.

8. Өзгелердің сізді түсінгенін қаласаңыз, қайталап айтудан жалықпаңыз.


9. Айыпты болсаңыз, бірден мойындаңыз. Және кінәні өзгеге артудың қажеті жоқ.

10. Әркімнің өз ақиқаты бар екенін есте сақтаңыз және ол ақиқат сіздікімен сай келмеуі мүмкін.

11. Ақымақтармен сөйлеспеңіз.

12. Өмірде ең бастысы – махаббат. Қалғаны – бос әурешілік ғана.

13. Адамның қиындықтары тек оның басында орналасқан.

14. Қоршаған ортаның қатігез немесе мейірімді сынды қасиеті жоқ. Оған сіздің бар екеніңіз де маңызды емес.

15. Өміріңізде болып жатқан майда оқиғалардан да тәтті сезімге бөлене біліңіз.

16. Сіздің дәл осындай өміріңіздің қайталанып келмейтіндігін есіңізден шығармаңыз.


17. Адамдарды жалықтырмаңыз.

18. Ақылды болғыңыз келсе, теледидар қарамаңыз.

19. Сіз ешкімге еш нәрсе қарыз емессіз.

20. Және өзге біреу де сізге қарыз емес.

21. Саясатпен айналыспаңыз. Ол адамды ашуланшақ етеді.

22. Өмірде тек өзіңізге ғана сенім артыңыз.

23. Өзгенің уәдесіне емес, өзіңіз алып отырған әсерге ғана сеніңіз.

24. Әйел адам мен балаға келгенде сабыр мен шыдамдылық танытыңыз.


25. Әйел адамға жанашыр болыңыз. Оларға өмір сүру ер адамға қарағанда  қиынырақ.

26.  Егер көңіл күйіңіз жабырқаса, осы күнге жете алмай жүргендердің бар екенін ойға алыңыз.

27. Бүгінгі күн – ол өміріңіздегі ең бақытты күн екенін біліңіз.

Аударған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Cәрсенбек Қызайбекұлы, Рахат Ғизатолла,

Бағдаулет Батырбекұлы, Мұхтар Холдорбеков (сурет өңделген)