- Негізгі бет
- Жаднама
- Жадыңызда болсын –...
Жадыңызда болсын – 2
Кейде оңай заңдылықтарды түсіне алмайтын кезіміз болады. Оны білген кезде, "Бұрын-соңды неге ойламадым екен? Бұл ой басыма бұрын неге келмеген?" сынды ойға қаламыз. Мұндай ой сізде болмас үшін, оңай ұғылатын заңдар тізімін ұсынамыз.
1. Сенімділік пен ұятсыздықты шатастырмаңыз.
2. Әр ісіңізді сараптау – көрегенділіктің белгісі.
3. Өзіңізді толыққанды адам ретінде сезінгіңіз келсе, ерте ояныңыз.
4. ...бірақ демалыс күндері ұйқыны қандырудың маңызы зор.
5. Бала күндегі достарыңызды күнде көрмесеңіз де, олардың орны бөлек.
6. Смс хаттарды бақылап отырған жақсы.
7. Дипломдағы үштік баға сіздің тағдырыңызға әсер ете алмайды. Барлығы өз қолыңызда.
8. Және университетте алып жүрген бағалардың да әсері жоқ. Бастысы - түсініп қабылданған білім.
9. Сіздің қолыңыздан келетін тамаша істер бар.
10. Сіздің мамандығыңызға көңілі толмаса, бар болғаны көңіліңізге тиетін сөз айтқысы келгені деп түсініңіз.
11. Әдетте А жоспары Б жоспарымен бірдей.
12. Жағымсыз пікірді айтатын ауыз болса, оны тыңдайтын құлақты жабар қол бар.
13. Арманның болғаны жақсы, алайда оның орындалуы үшін өзімізді құрбандыққа шалудың қажеті жоқ.
14. Біреулер ішімдікті жақсы деп ұғар...
15. ... бірақ оның адамға жақпайтын күші барын мойындағанымыз жөн.
16. Ең табысты деген адамдар өмірде өкінсе де, мақсатына жету жолын мәңілік жалғастырған.
17. «Жігітім үнемі бақылайды» деп көңілсізденетін қыздарға есею керек.
18. Өзге адамның таңдаған болашақ жарына, мамандығына байланысты жағымсыз пікірлер айтудан сақтанайық. Бұл – нағыз ақымақтық.
19. Инстаграм - заттардың емес, адамдардың суретін көбірек салғанда әдемі болатын желі.
20. Бір нәрсені жоғалтып аламын ба деген қорқыныш мәңгілік жадымызда болады.
21. Тыныш ұйқы + жақсы шырын + жақсылап тамақтану = бас саулығының кепілі.
22. Біздің ата-аналарымыз тыңдаған әндер – ғажап туындылар.
23. Түйіндемеңізге өтірік сөз жазып әуре болмаңыз. Шындық бәрібір көрініс табады.
24. Костюм мен галстуктардың әдемі көрінетін жерлері бар.
25. Аяқ киім, дөңгелек, төсек сынды сізді жерден көтеріп тұратын заттарға ақша аямағаныңыз жөн.
26. Бұл өмірде ең маңызды деген дүниелерді көзқарасы мүлдем бөлек жандардан үйренеміз.
27. Ақылды жарыстыру мүмкін емес.
28. «Жеке брендті» жарнама жасауды ұнататын жарнамашылар мен маркетологтар ойлап тапқан, сондықтан тек өзіңізге жарасатын әрі ұнайтын киім киіңіз.
29. Сіз мектепте кім болдыңыз? Күлкілі ...
30. Әрдайым кетіп қалуға болады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: liveinternet.ru, goodfoon.ru
Қ. Бүйенбай