i-dos жалғасуда.
Ардақты оқырмандарға eBay бәссаудасында тауар сатып алу туралы ақпарат бермекпіз.
Көпшілігіміз интернет арқылы тауар сатып алу туралы бұрнырақ естіп-біліп жүрсек те жүрексініп, дауалай алмай жүрген шығармыз. Тіпті кейбіріміз бұны алаяқтардың ісі деп бағалап жүруіміз мүмкін.
Шындығына келгенде интернет аукциондарын пайдалану қаладағы дүкендерден зат салып алғаннан әлдқайда пайдалырақ. Яғни керекті нерсеңізді интернеттен сатып алғаныңыз арзанырақ болады. Дүкендердегі бағаның қымбат болуы оның тасымалы, жұмысшыларға беру керек жалақы, тағы да сол сияқты нәрселерге байланысты.
Алдымен интернеттен тауар сатып алудың алгоритмін жалпы түсіндіріп өтелік. Кейінгі жазбаларда әрбір пунктке толығырақ тоқталып өтеміз.
1. Алдымен өзіңізге ыңғайлы төлем картасын таңдап алуыңыз керек.
2. Төлем картаны шығаратын банкті таңдау керек.
3. Төлем картасын ашу.
4. Интернет-банкинг жүйесіне тіркелу
5. PayPal жүйесіне тіркелу
6. eBay аукционына тіркелу.
Бүгінше осымен тоқтай тұралық. Алдағы уақытта сіз бен біз бірігіп осы тақырыпты тереңірек қазатын боламыз.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: reporterus.com