Instagram-аккаунт қауіпсіздігі бойынша чек-лист

Instagram-аккаунт қауіпсіздігі бойынша чек-лист
Фото: dribbble.com/doe_eyed

SMM маманы Павел Гуров Instagram-ды қауіпсіз қолдану үшін мынадай чек-лист жариялады. Оның айтуынша, бұл 99% проблеманың алдын алады.

1. instagram.com/session/login_activity бөліміне кіріңіз

Мұнда сіздің аккаунтыңызға қай қаладан, қандай гаджеттен кіріп, әлі шықпағанын көре аласыз. Тізімдегі күмәнді локацияларды бірден өшіру керек. Мысалы "Los Angeles, Xiaomi Redmi" сіздің қалаңыз бен смартфоныңыз емес. Бұл сіздің құпиясөзіңізді білетін алаяқ болуы мүмкін

2. instagram.com/accounts/manage_access бөлімін тексеріңіз

Мұнда сіздің аккаунтыңыз арқылы кірген, оны пайдалануға рұқсаты бар сервистер мен бағдарламалар бар. Бұл бөлімнен 2017 жылы қызық болған спам-сервис сияқты ескі бірдеңені тауып алуыңыз мүмкін. Ол сіздің аккаунтыңыз арқылы түрлі алаяқтық жасауы мүмкін. Сондықтан ең керегін қалдырып, артығын өшіріп тастаңыз.

3. instagram.com/emails/emails_sent бөліміне кіріңіз

Бұл бөлімде сізге ресми Instagram-офистен келген хаттар сақталған. Сол арқылы поштаға келген "Құттықтаймыз, сіз верификациядан өттіңіз!", "Сіздің аккаунтқа бөгде біреу кірді, дереу мына сайтқа кіріп логин/құпиясөзіңізді енгізіңіз" деген сияқты күмәнді хаттарды тексеріп алуға болады.

4. Міндетті түрде қос факторлы аутентификацияны қосыңыз: instagram.com/accounts/two_factor_authentication/

Қос факторлы аутентификация (2FA) – сіздің Instagram-ды қорғайтын ең сенімді нәрсе. Егер сіздің аккаунтыңызды алаяқтар бұзған жағдайда аутентификация көмегімен оны оңай қалпына келтіруге болады.

Massaget.kz