Инфлюенсер бизнеске не үшін қажет?

Инфлюенсер ұғымы бізге батыстан келген. Ағылшын тілінен аударғанда инфлюенсер (influence) "ықпал ету" деген мағынаны білдіреді. Іс жүзінде жарнама арқылы ақша табатын кез-келген контентмейкер инфлюенсер болып саналады. Сонымен инфлюенсер дегеніміз –өзіндік пікірі мен таңдауы адамдардың қызығушылығын оятатын ықпалды адам. Түсінікті сөзбен айтқанда, инфлюенсер – бұл біздің кумиріміз.

Біз кішкентай кезімізден біреуге ұқсағымыз келіп, еліктеп өсеміз. Ол біздің табиғатымыздан берілген. Инфленсерлер сол бізге ұнайтын әлеуметтік желідегі ықпалды адамдар. Тек осыдан 10 жыл бұрын бұл рөлді тек атақты адамдар ала алушы еді. Бүгінде бұл атаққа кез келген адам ие бола алады.

Инфлюенсерлердің блогерлерден айырмашылығы қандай? Негізі, ондай айырмашылық жоқ деп айтуға болады. Себебі блогерлер қазіргі күнде қоғамдық пікір білдірушілердің лидері.

Микро және макро инфлюенсерлер

Инфлюенсерлер әлеуметтік желідегі оқырмандар санына байланысты осылай екіге бөлінеді.

Микро инфлюенсерлердің оқырмандарының саны 5 мыңнан 100 мыңға, одан миллионға дейін жетеді.

Ал макро инфлюенсерлердің оқырмандарының саны миллионнан асады. Бірақ мұнда саннан сапа маңызды екендігін айта кетуіміз керек.

Бизнесте инфлюенсерді дұрыс таңдай білу өте маңызды. Өйткені солардың арқасында кәсіпкерлер өз тұтынушыларын оңай таба алады.

Микро инфлюенсерлер шағын бизнеске не үшін қажет?

Микроинфлюенсерлер көбінесе шағын бизнес пен ірі компаниялардың әлеуметтік желідегі маркетингтік науқандарына тартылады. Атап айтқанда, кішкентай, бірақ лоялді аудиториямен олар брендті жақсы жарнамалай алады. Инфлюенсерлердің бұл түрі қазір Facebook және Instagram желісі арқылы қарқынды даму жолына түскен.

Мұндай блогерлер әлеуметтік желіде өздері бағытталған саланың үздігі екендігін көрсете білген сайын аудиториясын кеңейте береді. Олардың қатарына бұрын ешкім білмеген ақпаратпен бөлісетін, атақты дүкен қызметкерлері, түрлі ойын-сауықты ұйымдастырушылар, блогерлердің көмекшілері, карьера мен отбасын қатар алып жүрген аналар кіреді.

Микро инфлюенсерлер неге брендтерді қызықтырады?

Себебі олар оқырмандар үшін жақсы дүниеге кеңес беретін дос сияқты. Олар брендке сатылымды арттыруға көмектеседі. Сондықтан да олар шағын бизнеске таптырмайтын серіктес. Ал макро инфлюенсерлер брендтің атағын шығарғанымен, сатылымды арттыруға кепілдік бермейді.

Қалай инфлюенсер болуға болады?

Бұл сұрақты қалай ықпалды адам болуға болады деп өзгерте аламыз. Өзіңіз білетіндей, ықпалды адамдар — жетістікке жеткен адамдар. Жетістікке жетудің кілті әрине, өз қолыңызда! Бірақ біз қандай ол жолда қандай қадамдардан өтуіңіз керек екендігі жайлы кеңес бере аламыз:

— өз салаңызды табу;

— адамдарды қызықтыратындай контент жасау;

— жарнама.

Бұл сіздің блогерлік жолыңыздағы негізгі үш қадам.

balbal.kz