Хирург мамандар неге жасыл немесе көк халат киеді?

Хирург мамандар неге жасыл немесе көк халат киеді?
Фото: telaviv-clinic.ru

"Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" деген сөзді қазақ халқы ежелден місе тұтпаған. Көптеген адам сырқатын асқындырып алмайынша не жүруге шамасы келмей қалғанша дәрігерге баруды құнттамайды. Бірақ бүгінгі таңда басты байлық – денсаулықтың қадірін түсінгендер түшкірсе емхана есігінің алдына кезекке тұрады. Жан-жағына мұқият қарамаған кісі көп нәрсені елей бермейді. Сондай еленбейтін жағдайлардың бірі  ота жасау бөліміндегі хирург мамандардың жасыл немесе көк халат киіп жүруі. Қарапайым жұртшылық үшін мән бермейтін дүние болып көрінгенімен, арнайы білімі бар дәрігерлер үшін оның да өз сыры бар. 

Бұрынғы уақытта Гиппократқа ант берген мамандардың барлығы дерлік ақ халатпен жүретін болған. 1914 жылы әлемдегі ең мықты хирургтардың бірі мұндай жамылғыны киюден бас тартады. Алғашында мұның мәнісін ешкім түсінбегенімен, кейіннен барлық дәрігерге мәлім бола бастаған. Ота жасау кезінде дәрігердің қарамағындағы адамдардың біріне науқастың қаны тамса, жарықпен үйлескен ақ халат хирургтың көзін бір сәтке аштырмай тастайды екен. Ал, өлім мен өмірдің арасындағы арпалыста әрбір секундтың өзіндік маңызы бар.

Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдердінде дәрігерлер жасыл немесе көк түсті халат киеді. Ал, мейірбике немесе емханадағы дәрігерлер ақ халаттарын әлі күнге дейін тастамаған. 

B. ZHAQSYMBET