- Негізгі бет
- Жаднама
- ХХІ ғасырдың қорқынышы...
ХХІ ғасырдың қорқынышы не?
Қазіргі таңда шырмауы көп, шешімі жоқ жайға айналып бара жатқан күрделі ахуалдардың бірі – ғаламтор ғаламаты. Қоғамда әлеуметтік желідегі өмірді шынайы өмірден артық санап, ғаламтор шырмауына байланып біраз дүниеден кенде болып жүрген жандардың саны аз емес. Әлеуметтік желідегі парақшаларын «өшіру» олар үшін «өмірінің» бір бөлшегінен айырылумен пара-пара. Жарты өмірін ғаламтор беттерін ақтарумен өткізіп жатқандықтарын олар біле бермейді. Қоғамдағы шынайы болмысты қабылдағанша «дайын асқа тік қасық» болып жүрген жайлары жетерлік. Әлеуметтік желіні хабар алысу орнына айналдырып, дайын дүниелерді көшіріп, шығара салу қазіргі кезде екінің бірінің қолынан келетін жеңіл іске айналағаны тағы бар. Бірақ, шындығына келгенде, қоғам құрауыштары сана-сезімі уланып, ойлау қабілеті төмендеп, тіл байлығы азайып, қарым-қатынас жойылып, алмадамшы «виртуалды» өмірдің жетегінде жүргендерінен өздері бейхабар. Желіге кіре сала не іздеп, не көреріңді білмей, жеке парақшаңда бейнеленген сыртқы бейнеңмен тілдесіп, жан дүниеңді ұғынар жан таппай, уақыттың өткеніне разы болып, басқаша бір күй кешесің.
Ғаламтор шырмауына түскен жанның одан бірден арыла салуы оңай емес. Қоғамға қайта оралғысы келгенімен, есімі ғаламторда жаңғыруы әлдеқайда қызығырақ. Ең жаманы өзіңді түсінген, өзің сүйген, өзіңе сүйікті болған ата-анаңның, достарыңның, сүйгеніңнің кейбір сәттерде бұл ісіңе түсініспеушілік танытуын жақтырмай, ара-қатынасыңызды алыстата бересіз. Тұңғиыққа батып, жаныңыздың не қалайтынын да білмей, өзіңізге беймәлім күй кешесіз. Бұл жайттардан аулақ болғайсыз.
Қорыта келгенде, өмір көкжиегіңізді жақсылыққа құрып, ғаламтор беттеріне қажеттілікпен кіріп, шынайы бақыттың иегері атануға асығыңыз. Өзіңіз білетін бұл әлемнің сізге даярлап қойған тосынсыйы өте көп. Мақсатыңыз айқын болса, армандарыңыз міндетті түрде орындалады.
М. Ақан