- Негізгі бет
- Жаднама
- Ғұмырыңызға қажетті 20...
Ғұмырыңызға қажетті 20 қуаныш
"Men's Health" нұсқасы бойынша:
1. Дүкенде ұзын кезекте тұрсыз, дәл сол кезде - жаңа кезек құрылды. Ал сіз – біріншісіз.
2. Ұйықтап қалып, жұмысқа кешігіп бардыңыз, соңғы ескертуді алуға дайынсыз - ал бастық әлі өз орнында жоқ.
3. «Оп!» — мінеки, қазір ғана мазаны алған шыбынды ұстап алдыңыз.
4. Орманға қыдыруға бардыңыз— саңырауқұлақ теріп кеттіңіз.
5. Қалтаңыздан плеерді алып қарайсыз, ал құлаққап шырматыла қоймаған.
6. Құжаттарыңызды жоғалтып алғансыз, ал бейтаныс біреу сізге қоңырау шалып, тауып алғанын айтуда.
7. Студенттік фотоальбомға көзіңіз түсіп кетті — жарты сағат сосын жастық шақтың ішінде жүрсіз.
8. Маңызды бір нәрсе дәл уақытында есіңізге түсіп отыр.
9. Маса қолыңызға қонып, біз тұмсығын сұға бастады, бірақ ол әлі өзінің бірнеше секундтан соң өлім жазасына кесілетінін білмейді.
10. Көлік тізгінін кептеліс болып жатқан өз жолыңыздан өзге жолға бұрдыңыз, ал сізді беймәлім біреу өткізіп жіберуде.
11. Торта шабақтың ішін ашсаңыз — іші уылдырық. Шабақ балықтың ішін ашсаңыз — іші сүт толы.
12. Тұздалған қияр сатып алдыңыз, ал ол шындығында да сапалы әрі қытырлақ, дәмді тұздалған екен – сіз күткен сүрленген поролон орнына.
13. Жарты жыл кимеген күртешеңізді киіп жатырсыз, ал қалтасынан 1000 теңге табылуда.
14. Кішкене өзен-көлге қармақпен балық аулауға бардыңыз - ал қармаққа мы-нан-дай нән шортанды түсірдіңіз!
15. Дәу кесек мұзды писсуарда ерітіп жібердіңіз.
16. Сіз бір топтаманы жинап жүрсіз, сосын күтпеген жерден, шындығында да, мүлдем күтілмеген жерден жетпей тұрған үлгісін тауып алдыңыз. Бағасы өзіңіз ойлағаннан арзан.
17. Бір «малғұн» жолыңызды кесіп өтті, ал келесі бір бағдаршамда әлгі өзің кінәлі сезініп, жол күзетшісінің алдында тұр.
18. «Что? Где? Когда?» бағдарламасын қарап жатқанда... Сұрақтарға өз қатарластарыңыздан бұрын жауап беріп отырсыз, ал сосын олар да бұрын жауап беріп үлгеруге тырысуда.
19. 15 қаңтар күні жұмыста шынында да сізге керекті болып жүрген бір затты сыйлады.
20. Таңертең тұрасыз - барлық ауырпалық пен барлық уайым-қайғының түсіңізде қалғанынын түсінесіз. Не болмаса: көзіңізді ашасыз - ал оятқыштың дабылына әлі бір сағат бар.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
сурет: de-todounpoco.com.ve
Л. Лига