- Негізгі бет
- Жаднама
- Гүлге оранған кітап...
Гүлге оранған кітап
Кенет бүгін жақын жаныңыздың туған күні екені есіңізге сап ете түсті. Қолыңызда дәл қазір кітап болса да, оның бір өзін беру ыңғайсыз.
Саспаңыз...
Өз қолыңызбен 10-15 минуттың ішінде жақсы сыйлық жасап шығуға әбден болады.
Ол үшін бізге мыналар керек болады:
- қағаз (сыйлықтың сыртын орауға ақ қағаз да бола береді)
- түрлі-түсті қағаздар
- скотч
- қайшы
- степлер
Қиғаш қағаздарды бүктеп, оларды гүл пішінге келтіреміз.
Ортасына қиық қағаз жабыстырып, гүлді әшекелейміз.
Сосын жапырақ қиямыз.
Гүліміз дайын. Осындай гүлдің бірнеше талын жасаймыз да, оларды сыйлығымызды қағазға орап, соның үстіне әдемілеп қоямыз.
Енді кітабыңызды ұялмай ұсына берсеңіз болады.
Р. Роза