- Негізгі бет
- Жаднама
- Гүлдер энциклопедиясы: еңлікгүл...
Гүлдер энциклопедиясы: еңлікгүл
Еңлікгүл (эдельвейс) – қазақ халқында қастерлі саналатын гүл түрі. Қазақстанда: Алтай, Тарбағатай, Жетісу, Іле, Күнгей Алатауларының шалғынды, тасты-таулы аймақтарында және бұлақ маңындағы дымқыл жерлерде, шыршалы ормандардың арасында өседі.
Өсімдіктің сыртын жұмсақ, қалың тұк басқан. Сондықтан сұрғылт боз түсті болады. Бір немесе бірнеше себет гүлшоғыры бір-бірімен топталып, қалқанша гүлшоғырына жиналған. Оны айнала жұлдыз тәрізді жапырақтар қоршап жатады. Гүл тостағаншасы үлпек айдаршаға айналған. Мамыр-шілде айларында, маусым-қыркүйекте жемісі піседі. Еңлікгүлін әсемдік үшін өсіреді. Тұрып қалған суда тез солады. Сондықтан мөлешірмен суарған жөн. Таулы аймақтарды өсетіндіктен, ірі дәнді топырақтар мен тыңайтқыштар қосу керек. Арасына тас та салуға болады.
Г. Берік