- Негізгі бет
- Жаднама
- Генетиктер маникюр қандай...
Генетиктер маникюр қандай жағдайда қатерлі ісік тудыратынын айтты
Тырнақты кептіруге арналған ультракүлгін шам қатерлі ісіктің дамуын тудыруы мүмкін. Америка ғалымдары осындай қорытындыға келген.
"Қатерлі ісік ауруында генетика маңызды рөл атқарады. Мысалы, MC1R геніндегі мутациялар сепкіл мен қызыл шашпен де байланысты. Егер жақын туыстар - ата-ана, аға-әпкең немесе апа-сіңлілерінің отбасылық тарихында меланома жағдайлары болса, онда алдын-алу шараларын және ерте диагностика үшін скринингті қарастыру ұсынылады. Бастапқы кезеңде анықталған меланома әлдеқайда жақсы емделеді", - дейді генетик Александр Ракитко.
Генетиктердің айтуынша, олардың зерттеуіне Калифорния университеті ғалымдарының жұмысының бұрын жарияланған нәтижелері себеп болған. Содан кейін америкалық биологтар сұлулық индустриясында белсенді түрде қолданылатын тырнақты кептіруге арналған ультракүлгін шамдар жасушалардың ДНҚ-сын зақымдауы және тері ісігін қоздыратын генетикалық мутациялар тудыруы мүмкін екенін хабарлады.
Алынған мәліметтерге сәйкес, тірі жасушалардың 20-дан 30 пайызына дейін өлтіру үшін тек 20 минуттық процедура жеткілікті болды. Сондай-ақ ғалымдар ультракүлгін шамның әрекеті жинақталған әсерге ие екенін атап өтті - мұндай маникюрді неғұрлым жиі жасасаңыз, соғұрлым денсаулыққа кері әсер етеді.
Тері ісігі пайда болуы мүмкін негізгі қауіп факторларының тізімінде:
• артық ультракүлгін сәулелену;
• күн сәулесіне жоғары сезімталдық;
• темекі шегу;
• ішімдік ішу;
• созылмалы қабыну тері аурулары;
• тұқым қуалаушылық.
Онкологтар денеде мең көп болса неемесе жаңа меңдердің пайда болуын үнемі тексеріп тұру маңызды. Онколог Александр Серяковтың түсіндіруінше, меланома дененің нашар қорғалған немесе күн сәулесінен мүлдем қорғалмаған жерде пайда болуы мүмкін.
Т. Раушанұлы