Гай Кавасакидің 10-20-30 ережесі

Гай Кавасакидің 10-20-30 ережесі
Фото: synapsiscreative.com

Мынадай бір ситуацияны елестетіңіз: сізге бір жобаны таныстырып, презентация жасау керек. Оған бір сағат уақыт берілген. Енді оны қалай жұмсайсыз? Қанша слайд қолданасыз? Қанша мәтін жазасыз? Бір сағат бойы сөйлейсіз бе әлде одан азырақ па? Бұл сұрақтарға Гай Кавасакидің 10-20-30 ережесінен жауап табуға болады.

10-20-30 деген не?

10 – презентациядағы ең оптимал слайд саны.

20 – осынша минут қана сөйлеу керек.

30 – слайдта қолданатын ең төменгі қаріп көлемі.

Осы ереже туралы Кавасакидің айтқанын мына видеодан көруге болады:

10-20-30 ережесі несімен жақсы?

Егер бұл ережені бәрі сақтаса, бизнес-презентациялардың сапасы біршама жақсарар еді.

1-ереже: 10 слайд тым көп ақпараттың алдын алады

20, 30, тіпті 100 слайдты 10-ға қысқарту әрбірінің құнын бағалауға, керек емес элементтерді алып тастауға себеп болады. Мысалы кейде 5 слайдқа созылып кеткен ақпаратты бір диаграммамен беру тиімді.

2-ереже: Үлкен бір ойды айтуға 20 минут жетеді

Слайдтарды қысқартқан сияқты сөзіңізді де қысқартан жөн. Артық әзілдерді, ойыңызды жеткізуге еш көмектеспейтін әңгімелерді, аудиторияның 5%-не ғана керек ақпаратты алып тастаңыз.

3-ереже: 30 – ең дұрыс қаріп көлемі

Егер аудиторияңыз үлкен, ал экран кішкентай болса, 30-шы қаріп көлемі жақсы көрінеді. Онымен бір слайдқа көбірек ақпарат сыйдыра отырып бәріне жақсы оқылатындай жақсы презентация жасауға болады.

Бұл тезистер – 10-20-30 ережесін қолданып, артықшылығын көргендердің жиынтық пікірі. Дегенмен әр ситуацияда әртүрлі тәсіл қажет болуы мүмкін. Сондықтан презентацияға қатысты бұл ережені универсал деуге келмейді.

Massaget.kz