Гастроэнтеролог кәуапқа қандай ет пайдалы екенін айтты

Гастроэнтеролог кәуапқа қандай ет пайдалы екенін айтты

Кәуап әуесқойлары әдетте қой немесе сиыр етін таңдайды. Ал денсаулығы мен сымбтына көбірек көңіл бөлетіндер тауық немесе күркетауықты жақсы көреді.

Әдетте, кәуапқа арналған етті таңдағанда, майдың мөлшеріне назар аударылады. Гастроэнтеролог Сергей Вяловтың айтуынша, диеталық тағам саналатын күркетауық пен тауық етінде бір қойға қарағанда көбірек май бар.

«Бір ғажабы, қой мен сиыр етінде майдың мөлшері бірдей – 16%. Ал, диеталық тағам саналатын күркетауық пен тауық қой етінен гөрі майлы болады. Олардың құрамында 22% және 18% май бар», - деді дәрігер ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Қой мен сиыр еті ақуыз мөлшері бойынша тауық етінене асып түсті. Сергей Вяловтың айтуынша, бауыр артық жұмыс істемеу және денені ресурстармен қамтамасыз ету үшін ақуыз қажет. Сонымен, қой, сиыр және қоян етінде ақуыз 25-30%, ал тауық етінде - 17-20% ғана ақуыз бар.

Кәуаппен бірге не жеуге болмайды?

Тағы бір гастроэнтеролог Андрей Констанденковтың айтуынша, жалпы, кәуап зиянды тағам емес. Етті шыжғырып пісіру қуыруға қарағанда пайдалы Өйткені, кәуап дәстүрлі түрде ашық отта емес, шоқта дайындалады.

Дәрігердің айтуынша, кәуапты басқа майлы тағамдармен – мысалы, ысталған шұжықпен, майонез, салаттарымен, жаңғақпен бірге жемеген дұрыс. Дәрігер оның орнына көкөністерді көбірек жеу керек деп есептейді.