- Негізгі бет
- Жаднама
- Гастроэнтеролог ауыздағы жағымсыз...
Гастроэнтеролог ауыздағы жағымсыз иістің бар-жоғын қалай тексеру керегін айтты
Ауыздан шығатын жағымсыз иіс «галитоз» деп аталады. Бұл аурумен ауыратын адамға қарағанда басқаларға жиі қолайсыздық тудырады. Ауыздан шығатын жағымсыз иісті адамның өзі сезбеуі де мүмкін.
Егер адам темекі шегетін болса, емделмеген кариес немесе басқа тіс аурулары болса, иіс болады. Бірақ егер барлық тіс пен қызыл иек сау болса да ауыздан жағымсыз иістің шығуы кейбір аурулардан дерек береді.
Гастроэнтеролог Смирнова телеграм-каналында ауыздан шығатын жағымсыз иісті қалай тексеруге болатынын, оның себебі неде болуы мүмкін екенін айтты.
«Галитоздың барлық жағдайларының 85% құрайтын ең көп таралған себеп бактериялардың өмірлік белсенділігінің нәтижесі. Көбінесе бұл бактериялар тіс ойықтарында және тілдің түбірінде өмір сүреді», - дейді дәрігер.
© slalen.ua
Қалай тексеруге болады?
Мұны тексеру үшін сізге тілді қырғыш немесе шай қасық қажет. Тілді аздап қырып, қырғышты тілде 30 секунд ұстап тұру керек. Содан кейін алып иіскеңіз.
Егер иіс болса, мына нәрселерді 5-7 күн бойы қайталап істеңіз:
• Күнделікті тісті тазалағаннан кейін тіс жібі мен арнайы ауыз шайғышты қолданамыз.
• Әр тамақтан кейін ауызды сумен шайыңыз.
• Жеткілікті мөлшерде су ішеміз және диетада ақуыз көп болса, оның мөлшерін азайтамыз.
Дәрігердің айтуынша, егер бұл көмектеспесе, онда гастроэнтерологқа баруыңыз керек. Ас қорыту жолдарының ауруларында ауыздан жағымсыз иіс міндетті симптом болып табылмайды. Әдетте, бұл өңештің дивертикуласы (деформациясы), атрофиялық гастрит, асқазан жарасы / қатерлі ісік, он екі елі ішектің декомпенсацияланған стенозы сияқты ауруларды көрсетеді.
«Галитоздың психосоматикалық факторлары болуы мүмкін. Демек, күйзеліс, депрессия, конфликттер субъективті, яғни псевдогалитоздың дамуын тудырады, иіс тек өзіңізге ғана жағымсыз болып, айналаңыздағылар оны сезінбейді», - деп ескертеді Смирнова.
Бірақ дәрігер ауыздан шыққан жағымсыз иістің Helicobacter бактериясымен байланысы бар-жоғына нақты жауап бере алмайды, оның айтуынша, бұл мәселе бойынша сенімді ақпарат жоқ.
Т. Раушанұлы