Көптеген ғашық той өткізуге ерекше күнді таңдағысы келеді. 2023 жылы мұндай күндер аз емес. Күйеу жігіттер мен қалыңдықтар "әдемі" күндерге АХАЖ-дан алдын ала орын алып қояды. 2023 жылы той өткізу жоспарыңызда болса, төменге көз жүгіртіңіз.
Әдетте, той иелері барлық қонақ қатыса алуы үшін той болатын күнді демалыс күндерге қоюға тырысады. Алайда соңғы жылдары жас жұбайлар ерекше күнді таңдағысы келеді.
Әр айдың 23-і
2023 жылы тойдың көпшілігі әр айдың 23-і күні болатынына сенімдіміз. Әсіресе, 23 ақпан (23.02.2023) сұранысқа ие болуы мүмкін.
02. 03. 2023 (немесе 2.3.2023)
Наурыз айының алғашқы бейсенбісі - 2023 жылдағы ең ерекше күннің бірі. Сондай-ақ наурыздың 3-і де сұранысқа ие болуы мүмкін: 03.03.2023. Себебі 3 деген сандар әрқашан бақыт белгісі болып саналады. Оған қоса, жұма күні тойға келу қонақтарға да ыңғайлы.
07.07.2023
7 сандарының ұйқасы жас жұбайларға ұнайды. Оған қоса, 2023-тегі сандарды бір-біріне қоссаңыз, 7 саны шығады.