- Негізгі бет
- Жаднама
- Гарвард университетінде "бақыт...
Гарвард университетінде "бақыт туралы ғылым" пәні оқытылады
Сіз өзіңізді бақытты сезінгіңіз келе ме? Бәрі өз қолыңызда. Ол үшін ең бастысы жақсы жайттарды ғана ойлауыңыз керек. Өмірдің кейбір сындарына қайғырып, мұңайып жүрудің қажеті жоқ. Өйткені бәрі де уақытша ғана.
Гарвард университетінде ең танымал пәндердің бірі - "бақыт туралы ғылым". Аталған пәнге студенттердің қызығушылығы өте жоғары. Себебі өмірге деген көзқарасы өзгеріп, тек қана жақсы қасиеттерге үйреніп шығады. Әрине бақытты әркім әрқалай түсінеді, бірақ маңыздысы оны сезіне білу. Бір адамға жақсылық жасап, алғысын алсаңыз, сіз міндетті түрде қуанышты жүресіз.
Әрқашан жақсы оқиғаларды ойлап, жазып жүріңіз. Күніңізге ризашылығыңызды білдіріп, жатар алдында кішігірім ойтолғау жазу да өте пайдалы. Қарт адамдар жамандықты тез ұмытып, өміріндегі елеулі кездерді еске алғанды жақсы көреді. Сондықтан адамдар жасы ұлғайған сайын ақылды, дана болады.
Кейде өмірде өте ауыр кезеңдерді бастан кешіретін күндер болады. Бірақ ешқашан өзіңізді бақытсызбын деп есептемеңіз. Өйткені бақыт деген - бақытсызбын деп ойламау.
Осы 3 қағиданы естен шығармаңыздар, достар!
Сурет: kaz.gazeta.kz
Ж. Исакаев