- Негізгі бет
- Жаднама
- Ғалымдар өмірді ұзартатын...
Ғалымдар өмірді ұзартатын жақсы әдетті атады
Әрқайсымыз мүмкіндігінше ұзақ өмір сүру үшін физикалық және психикалық тұрғыдан сау болғымыз келеді. Осы мақсат үшін көп нәрсеге баруға дайынбыз. Біреу диетаны мұқият қадағалап, жаттығу залында уақыт өткізеді, тағы біреу дәрілерге үміт артады.
Дегенмен, өмірді ұзартуға көмектесетін тағы бір маңызды әдет бар. Және бұл спортпен немесе диетамен байланысты емес. Өйткені ұзақ өмір сүру үшін тек сау денені ғана емес, сонымен қатар ақыл-ойды да сақтау маңызды.
Йель университетінің ғалымдарының пікірінше, адамның ұзақ өмір сүруіне көмектесетін жақсы әдет – кітап оқу. Зерттеу барысында аптасына үш жарым сағаттан артық кітап оқитындар мүлдем оқымайтындарға қарағанда шамамен 23 айға (екі жылға жуық) ұзақ өмір сүретіні анықталды.
Сонымен қатар, 12 жыл бойы жүргізілген бақылау жұмыстарының авторлары кітапқа ғашық бола алмайтындармен салыстырғанда, кітапқа құмар оқырмандардың өлім қаупі 20% төмен екенін анықтады.
Айтпақшы, бұл кітап оқу әсері мерзімді басылымдарды оқуға қарағанда көбірек. Ғалымдар мұны кітап оқудың танымдық сипатымен байланыстырады.
Неліктен кітаптар өмір сүру ұзақтығына соншалықты жақсы әсер етеді? Әзірге нақты жауап жоқ, бірақ ғалымдар спорт бұлшық еттерді қалай жаттықтырса, кітап миымызды жаттықтырады деп болжайды.
Ал кітап оқу деменцияны 5 жылға кешіктіруге көмектеседі. Мұндай қорытындыны Раш университетінің (Чикаго) ғалымдары жасады. Олар егде жастағы еріктілердің қатысуымен эксперимент жүргізді. Қатысушылардың әрқайсысы сауалнама толтырып, қандай хоббиі барын айтты.
Кейінгі бақылаулар зерттеуге қатысқан 1903 адамның 457 адамында деменция дамығанын көрсетті және бұл 88,6 жас кезінде тіркелді. Ал, оқырмандар мен үстел ойыншыларының жасы тек 93-тен асқасын яғни бес жылдан кейін деменцияға шалдыға бастаған.
Т. Раушанұлы