- Негізгі бет
- Жаднама
- Ғалымдар бақытты өмір...
Ғалымдар бақытты өмір сүрудің құпиясын тапты
Бақытты өмір сүруді барлығы да қалайды. Тіпті соның жолында бастарын бәйгеге тігіп, армандарын мақсатқа айналдырып күреседі. Бірақ жете берген кезде әлсіздік танытып, құлап кетіп жатады. Ал құлап кетпес үшін, күреспей-ақ бақытты әрі ұзақ өмір сүру үшін ғалымдар не дейді?
Еуропа ғалымдары 70 жыл бойы адамдарың бақытты өмір сүруі үшін ең маңызды құндылық не екенін зерттеп келді. Түрлі зерттеулер мен тәжірибелер жасап, ақыры жауабын тапты. Олар өздері тапқан жауапқа өздері таң қалып отыр.
Адам ұзақ әрі бақытты өмір сүру үшін бір-бірімен қарым-қатынас орнатып, үстел үстінде бірге тамақтану керек екен немесе кешкі астан кейінгі шай ішу де бақытқа бастайды. Бірақ әңгіме-дүкен үй ішінде емес, көше бойындағы шағын мейрамханада, кафеде орын алғаны дұрыс деп түсіндіреді. Еуропадағы шағын елдерге тәжірибе жасау арқылы, ғалымдар мынаны байқаған: қалаларда шағын және үлкен шайханалар, мейрамханалар және кофе ішетін жерлер көбейген. Адамдардың да баруы жиілеген. Сырттай бақылай отырып, олардың жұмыс жайлы, мәселе жайында емес, өмір жайлы қызу әңгіме айтатыны, әзіл-қалжыңдарының жарасауы бәрі де өмірге құлшынысына әсер ететін факторларды тудырған. Кешкі шағын үстел үстінде болған қызу әңгімеден кейін адамның ұйқысы тыныш әрі қанық болады. Таңертең сергек тұрып қана қоймай, жұмысқа махаббатпен барады. Себебі бүгін кешке де жақсы әңгіме күтіп тұрғанын сезінеді екен.
Иә, ғалымдардың зерттеуіне қарап отырсаңыз, Еуропада болып жатқан жағдай мәдениет пен әдебиеттің ошағына айналған Алматы қаласында да орын алып келе жатыр. Көше бойындағы түрлі кездесу орындары осының куәсі болмақ.
Бақытты және ұзақ өмір сүргіңіз келсе, бір кесе шайды құрбыңызбен не жақыныңызбен үйде емес, сыртта, көше бойында отырып, самалға бет беріп отырып ішіңіз. Бұл пайдалы. Бастысы әңгімеңіз жарассын!
М. Ақан