- Негізгі бет
- Жаднама
- Ғалымдар әйелдерге пайдалы...
Ғалымдар әйелдерге пайдалы 3 өнімді анықтады
Бірқатар өнімдерді пайдалану арқылы ағзадағы артық тұздан арылуға болады. Мұндай қорытындыны Нидерландтағы Амстердам университетінің ғалымдары жасады. Зерттеу Еуропалық Heart Journal журналында жарияланды, деп жазады The Guardian. Оған 40 пен 79 жас аралығындағы 11 мыңнан астам ер адам мен 13 мыңнан астам әйел қатысты. Алты жылдық денсаулық деректері талданды.
"Ағзада тұздың артық болуы гипертония, инфаркт және инсульт қаупін арттырады. Бірақ бұл күндері тұзды тұтынуды бақылау өте қиын, себебі, күнделікті жейтін тағамда өңделген тағамдар көп", дейді Амстердам университетінің профессоры Лифферт Фогт.
Ағзадағы артық тұздан қалай арылуға болады?
Ғалымдар калий, қан қысымы мен жүрек ауруы арасындағы тікелей байланысты қайта растады. Әйел неғұрлым көп калиі бар тағам жесе, соғұрлым оның қан қысымы төмендейді.
"Калийді көп тұтынатын адамдарда басқаларға қарағанда жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі 13 пайыз төмен болды. Сонымен қатар, бұл тәуелділік ерлерге қарағанда әйелдерге көбірек қатысты. Калий неғұрлым көп болса, соғұрлым натрий аз болады" - дейді зерттеу авторлары.
Калий жүректі сақтауға көмектеседі, бірақ әйелдер ерлерге қарағанда одан көп пайда көреді.
Калий қай тағамда көп?
Ересектерге тәулігіне 3500 мг калиді күнделікті жетін тағамынан алу керек. Көкөніс, жеміс, жаңғақ, бұршақ, сүт өнімдері және балық калийге бай.
Ғалымдар әйелдерге калийге бай мына үш өнімді күнделікті жейтін тағымының қатарына қосуды ұсынады:
• Банан
бір орташа жемісте 422 мг калий бар, бұл күнделікті қажеттіліктің 9% құрайды.
• Авокадо
Жарты стақан авакадода 364 мг калий бар, яғни жарты авокадода калийдің тәуліктік мөлшерінің 10 пайызын бар.
Картоп (тек қайнатылған)
Орташа қайнатылған бір картопта 941 мг калий бар. Бұл күнделікті қажеттіліктің 20 пайызын құрайды.
Денедегі калий жетіспеушілігінің белгілері:
• кардиопалмус,
• жүрек айнуы,
• ашуланшақтық,
• бұлшықет әлсіздігі,
• құрысу,
• іш қату,
• шаршау.
Т. Раушанұлы