Рочестер университетінің (АҚШ) нейробиологтары «біруақытта бірнеше тапсырма орындау — сау ми үшін табиғи жағдай» деген шешімге келді. Ол жайлы NeuroImage журналында жарияланды.
Зерттеу бойынша, ми жүру кезіндегі дене қозғалысын басқарумен қатар күрделі зияткерлік тапсырманы орындаса, екі міндет те оларды бөлек орындағаннан гөрі жақсы шешіледі. Ғалымдар тәжірибелер топтамасын 22 сау жас адамдардың қатысуымен жүргізеді. Қатысушалар «жарыс жолы» жаттықтырғышында жүріп немесе жай бір жерде отырып, бірінен екіншісіне ауыса отырып, зияткерлікке арналған қиын тапсырмаларды орындауы қажет болды.
Заманауи бақылау әдістерін қолдана отырып, зерттеушілер қатысушылардың ми белсенділігін және дене қозғалысын бақылаған. Қатысушылар жүру кезінде тапсырмаларды отырған күйдегіге қарағанда әлдеқайда жақсы шешкен. Оған қоса, тапсырма қаншалықты қиын болса, нәтиже айырмашылығы соншалықты үлкен болған.
Сонымен қатар, зияткерлік жүктеменің болуы жүру процесінің тиімділігін де арттырған. Қатысушылардың миы когнитивті тапсырмаларды шешумен босамаған кезде олардың қозғалыстары тек жүруге бағытталған күйге қарағанда әлдеқайда дәл әрі сенімді болған.
Зерттеушілер бұл феномен сау мидың икемділігін көрсететінін айтады. Яғни, қосымша күш миға тек пайдасын тигізеді. Сондықтан қандай да бір проблеманы шешу не ойлау керек болса, адамдардың далаға жүруге шығуы немесе бөлменің ішінде былай да былай жүруі осы үшін болуы мүмкін.