Гаджетсіз өмір сүре алмайтыныңның 15 белгісі

Гаджетсіз өмір сүре алмайтыныңның 15 белгісі

Бәріміз селфи жасағанды, қызықсыз тойда отырып “уатсаппен” құрбымызбен сөйлескенді, ояна салып тамақтанудың орнына Instagram-ды парақтағанды жақсы көреміз. Бірақ, кейде гаджетке деген әуестіктің шектен шығып кетіп жататынын байқамаймыз. Төмендегі белгілерді өз бойыңыздан тапсаңыз, техникаға деген әуестігіңіз туралы жөндеп ойланып көруді ұсынамыз.

1. Телефоныңды таба алмаған жағдайда байбалам саласың.

Рюкзагыңды қағып-сілкіп, «Телефоным қайда?» деп ашуға булығасың. Оған қоса қайда қойғанымды білмейсің бе деп жаныңдағылардың мазасын аласың. Нәтижесінде, телефоның шалбарыңның артқы қалтасында болып шығады...

2. Егер телефоныңды кездейсоқ үйде ұмытып кетсең, онсыз не істеріңді де білмейсің.

Күнің бекер өтпек.

3. Таңертең бірінші кезекте қолыңа телефонды аласың.

Twitter, Instagram және тағы басқа әлеуметтік желілерді парақтайсың.

4. Бұрын дәретханаға газет алып кіру әдет болатын.

Ал қазір сен онда телефонмен кіресің...

5. Сен гаджетіңмен бірге жуынасың.

Яғни, ваннаға оны алып кіресің, әуенді қосып қойып жуынасың. Душтың астында тұрып әнді қосылып айтасың. Олай етуіңнің себебі, біреу-міреу хабарласып, не хат жазып қалуы да мүмкін ғой?

6. Достарың хат жазып қалды ма екен деп әр минут сайын телефоныңды тексересің.

Жазбаса, қапаланып қаласың.

7. Сен құрбыңмен сөйлесіп жатсаң да гаджетіңді шұқылап отырасың.

Және бұл кедергі келтіреді деп ойламайсың.

8. Кездесу кезінде телефонды пайдаланбауды ұсынатын достарыңды ұнатпайсың.

Мысалы, телефондарды жинап қойып, кеш аяқталғанша қолданбау: бұдан кейін кеш қызықсыз өтетініне сенімдісің.

9. Бұрын компьютерде жасағандардың бәрін енді телефоныңда жасай бересің.

Сайттарды оқисың, музыка тыңдайсың, кино қарайсың.

10. Сен гаджетіңді құшақтап ұйықтайсың.

Дәл таңертеңгідей Instagram мен Twitter-ді парақтайсың... Көзің өзі жұмылып, ұйқыға кеткенше...

11. Концертке барғанда барлығын телефонның камерасына түсіре бастайсың.

Әдемі кадрларды іздеп, Instagram-ға салуға асығасың.

12. Телефоныңды біреудің ақтарғанын жек көресің.

Өйткені, барлық құнды дүниелер телефоныңда сақталған.

13. Телефоныңда барлығы жүйелі түрде орналасқан.

Тіпті, мұндай жинақылық шкафыңда ешқашан болмаған.

14. Телефоныңның бірнеше әдемі қаптамалары бар.

Телефоныңның қабын жиі ауыстырып тұруды қалайсың. Оның сүйкімділігіне аса зор мән бересің.

15. Саған Instagram-ды қолданбайтын немесе ұялы телефонға құмар емес адамды түсіну қиын.

Және оның көп қызықтан құр қалып жүргеніне сенімдісің. 

Сурет: shkolazhizni.ru, news.nur.kz

Дайындаған: Диана Мамытбекова

A. Mustafina