Фитнесті ұнатпайтындарға арналған 10 кеңес
Күнделікті жаттығу жұмыстарын жасау арқылы сіз денеңіздегі артық май мен сырқаттардан құтыласыз. Алайда, сіз еріншек болсаңыз не істеу керек?
Негізінде, фитнес үйдегі және жұмыстағы аз қозғалыстың орнын толтырады. Мұндай шешімге Pennington Biomedical Research Center ғалымдары келген болатын. Олардың зерттеулеріне үңілгенде байқайтанымызы, салауатты өмір салтының формуласы мынадай: күнделікті фитнес-жаттығулар (45 минуттан аптасына 5 рет) мен күн сайын мейілінше молырақ қимылдау. Егер сіз бірінші айтылған міндеттерді спорт жақсы көрмегендіктен немесе уақыт таппағандықтан орындай алмайтын болсаңыз, онда аптаның әр күнін белсенді өткізу өзіңізде қолыңызда екенін ұмытпаңыз.
Сонымен, спортпен шұғылдануға уақыт таба алмайтын, бірақ денсаулығын назарда ұстайтын адамдарға арналған 10 кеңесті назарларыңызға ұсынамыз.
1.Өзіңізбен жарысыңыз
Әрбір аптаның соңына сіз күнделікті өмірде орындай алатын фитнесті дайындаңыз. Мысалы, жұмыстан шыққан соң, саябақ ішінде орташа жылдамдықпен 30 минутта қанша қашықтықты жүре алатыныңызды есептеңіз. Ал келесі аптаның соңында 30 минутта екі есе көп жүруге ұмтылыңыз.
2. Көлікпен аз жүріңіз
Таңғы асқа май мен сүзбе алуды ұмытып кеттіңіз бе? Супермаркетке көлікпен барудың орнына, дүкенге жаяу барып қайтыңыз. Егер сізге жұмысыңызға көлікпен бару ыңғайлы болса, машинаны кеңседен мейілінше алысырақ қойыңыз.
3. Тік тұруға болатын кезде отырмаңыз
Телефон арқылы сөйлескенде бір орында отырмай, арлы-берлі жүріңіз, денеңіздегі бар салмақты екі аяғыңызға түсіріңіз
4. Баспалдықты жаттығу есебінде пайдаланыңыз
Егер алтыншы-жетінші қабаттан биікте тұрмайтын болсаңыз, лифттің барын да ұмытыңыз. 7 минут ішінде баспалдақпен жоғары көтерілу – денсаулыққа пайдалы. Аяқтағы бұлшықеттердің қозғалысы жақсарады.
5. Үй жұмыстарын орындағанда ерінбеңіз
Үйде кір жуыңыз. Кір жуғыш машинаға салуға болмайтын киімдердің бәрін қолмен жуыңыз. Кір жуғанды ұнатпайсыз ба? Онда тамақ ішкен соң, ыдыс-аяқты жуып, еден сүртуден бас тартпаңыз.
6. Көп уақыт жаяу жүріңіз
Теледирадың пульті қасыңызда емес, теледидардың жанында тұрсын. Егер басқа арнаға ауыстыратын болсаңыз, сіз орныңыздан тұрасыз. Жұмыстан қайтып келе жатқанда метро немесе автобустан бір аялдама бұрын түсіп қалыңыз да үйге жаяу барыңыз.
7. Екі жұмысты бір уақытта істеңіз
Теледидардың алдына кез келген жаттығу құралын орналастырыңыз да, фильм кейіпкерлерімен бірге жаттығу жасауыңызға болады. Сонымен қатар, веложаттығу аппаратында отырып дәрісті оқуға немесе ағылшын тілінің курсына дайындалуға болады.
8. Жұмыстағы түскі ас кезінде серуендеңіз
Түскі асқа берілген үзіліс кезінде 10-15 минут далада серуендеуге тырысыңыз. Егер жұмыста асхана жоқ болса, кеңседен алысырақ орналасқан дәмхана іздеңіз. Жақын маңдағы төлемге арналған терминал немесе банкке дейін жаяу жүріп қайтыңыз. Көліктегі қарды тазалау да жақсы ой.
9. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз
Конькимен сырғанаңыз, көрмеге барып қайтыңыз немесе боулинг ойнаңыз.
10. Жұмыста жаттығыңыз
Жұмыста монитор алдында қозғалмай отыруға болмайды. Әрбір 30-40 минут сайын қандай да бір қозғалыс жасаңыз: тартылыңыз, шай ішкен кесеңізді жуып келіңіз, телефонмен сөйлесу үшін 3-5 минут сыртқа шығып келіңіз. Бұл еріншектер үшін үлкен фитнес!
Ұсынылған кеңестерді тым оңай көріп, еріншектікке салынбаңыз. Тым құрығанда тізімдегі 4-5 нұсқаны дұрыс орындауға тырыссаңыз, өзіңізді жақсы сезінетін боласыз.
Дереккөз: confederation.kz
Н. Үсенова