Абайдың "бес асыл ісі" мен "бес нәрседен қашық болуға" шақырған өлеңін барлығы білетін болар. Сол секілді бес күн жалғанда бес түрлі дүниенің қадірін білу, бес дүниеден аулақ болу – сіз бен біздің міндетіміз. Сіздерге бес саусақтың саласындай болған бес нәрсенің пайдасы мен зиянын өзгеше топтастырдық.
Бес нәрсе, бес нәрсемен білінеді:
- Ағаш – жемісімен білінеді.
- Әйел – күйеуі кедейленгенде білінеді.
- Дос – ауыр күнде білінеді.
- Момын – сынаққа түскенде білінеді.
- Жомарт – қажет болғанда білінеді.
Бес нәрсе, бес нәрсені көтереді:
- Кішіпейілдік – ғалымдарды көтереді.
- Байлық – айыптауды көтереді.
- Үнсіздік – қателікті көтереді.
- Ұят – аxлақты көтереді.
- Әзіл – қайғыны көтереді.
Бес нәрсе, бес нәрсеге жеткізеді:
- Көз – зинаға жеткізеді.
- Дәмету – өкінуге жеткізеді.
- Қанағат – разылыққа жеткізеді.
- Көп сапар шегу – танысуға жеткізеді.
- Тартысу – айырылысуға жеткізеді.
Бес нәрсе, бес нәрсені әкеледі:
- Шүкіршілік – ризық әкеледі.
- Көзді тыю – парасат әкеледі.
- Ұят – жақсылық әкеледі.
- Жұмсақ сөз – шешімге әкеледі.
- Ғазаб – өкініш әкеледі.