Біліңіз, өмір ешқашан өзгермей тұрмайды. Біліңіз, уақыт ешқашан тоқтап қалмайды. Ештеңе мәңгілік емес. Барлығы уақытша екенін ұмытпаңыз. Жаныңыздағы жора-жодастарыңызға қарап, оларды тым жоғары немесе тым төмен санамаңыз. Ең бастысы ештеңе кепілдік болмайтынын естен шығармаңыз.
Адамның жоғарғы оқу орнын қызыл дипломға бiтiргенi – оның бiлiмдi екенiне кепiлдiк емес.
Адамның көп кітап оқығаны – оның көп білетініне кепілдік емес.
Адамның әдемiлiгi – ол әдемi кейiптiң мәңгi қалатынына кепiлдiк емес.
Адамның жақсы сөз сөйлегенi – оның тек жақсы ойлы екенiне кепiлдiк емес.
Адамның үнемі күліп жүргендігі – оның әрдайым бақытты екеніне кепілдік емес.
Адамның ылғи спортпен шұғылданатыны – оның денсаулығының мықты екеніне кепілдік емес.
Адамның жаман әдеттерге баруы –оның жаман адам екеніне кепілдік емес.
Ең бiрiншi адамның жан дүниеciне үңiліңіз, әдемiлiгiне емес, адамның iс-әрекетiне үңiліңіз, жай сөзiне емес, еңбекке қабiлеттiлiгiне үңiліңіз, бiлiмдiлiгiне емес.