Ертеңге қалдырма: Тайм-менеджмент жайлы 3 кітап

Ертеңге қалдырма: Тайм-менеджмент жайлы 3 кітап
Фото: covervault.com

Ақпараттық жүк, прокрастинация – бәрінде болған, мүмкін әлі де бар жағдай. Мұндайда мығым тайм-менеджмент көмектесе алады. Massaget тайм-менеджментке қатысты пайдалының бәрі бар 3 кітапты ұсынады.

"Тайм-менеджмент", Брайан Трейси

Кітап тайм-менеджменттің 21 техникасын ұсынады. Кітап қоңыраулар мен хабарламаларға жауап беріп үлгеруге, қажеті шамалы кездесулерден бас тартуды, маңызды дүниелерге мән беруге, басымдығы жоғары жұмыстарды анықтап үйренуге көмектеседі.

Кітаптан үзінді: 

"Мақсаттарыңызға, жоспар құруға күніне 30 минутыңызды бөліңіз"

"Ереже былай: жоспарлауға кеткен әр минут, орындауға кеткен әр он минутты үнемдейді"

"Тайм-менеджер қолындағы ең мықты құрал – алдағы 24 сағатқа жоспарланған шаруалар тізімі".

"Уақыт тұзағы", Алек Маккензи & Пэт Никерсон

Кітап көп ақпаратты қабылдап, істерді реттеуге үйретеді. Авторлар ұсынған әдіс-тәсілдер жұмысты өнімді істеуге, уақытты жейтін істерден арылуға көмектеседі.

Кітаптан үзінді:

"Бірнеше істі қатар істеу – өнімсіз. Бәріне үлгеремін деп мен жұмыстың сапасына нұқсан келтіре бастадым. Кейін тек бір іске зейін қойып, оны сапалы әрі жылдам істеуге машықтала бастадым. Егер бітпей кеткен жұмыс болса, бірнеше бөлімге бөліп тастайтын болдым".

рокрастинация шешімі. Тайм-менеджментке кіріспе", Тимоти Пичил

Кітап біз неге өз мақсатымызға өзіміз кедергі келтіреміз деген сұраққа жауап береді, прокрастинациямен, уақытпен күресуге емес, оған көмектесуге шақырады. 

Кітаптан үзінді:

"Прокрастинация - бұл өз өміріңді басқара алмау"

"Мақсатты кейінге қалдыра отырып, өмірді де кейінге қалдыратынымызды түсінейік"

"Ерік-жігер – өлшеулі ресурс, оны ақылмен пайдалану керек".
Massaget.kz