Таңертең ерте тұру қиындық тудырса, мына кеңестерді жадыңызда ұстаңыз:
1) Күніңізді жоспарлаңыз:
Ұйықтамастан бұрын, ертеңгі күніңізді жоспарлап, маңызды істерді таңғы уақытқа қойыңыз. Түнде қандай оймен ұйықтасаңыз, ұйқыдан сол оймен оянатыныңызды естен шығармаңыз. Сол себептен, неғұрлым маңызды істер таңертеңгі уақытқа белгіленсе, соғұрлым ұйқыңыз тез ашылады.
2) Оятқышыңызды кереуетіңізден алшақ қойыңыз.
Оятқыштың дауысы мазаңызды әбден алып, амалсыздан оянарыңыз анық. Оятқышты өшіремін деп оянған соң, кері орныңызға жатамын деген ойдан арылыңыз. Керісінше, орныңыздан тұрып, жуынатын бөлмеге барыңыз.
3) Тісіңізді тазалаңыз.
Тісіңізді тазалау әдетіңізге айналары сөзсіз. Әрі тісіңізді тазалауға кеткен уақытта ұйқыңыз ашылып, «кереуетіңіз» туралы ойдан құтыласыз.
Таңыңыз шуақты болсын!