Ни Шибин(Жапония)
2012 жылдың мамыр айының бір күні. Маули көлік тұрағына барып автокөлігінің тұраққа қою ақысын төлемек болды. Оның ақша кәшөлегінде тек тұрақ ақысына жетерлік қана металл ақша бар еді. Ол металл ақшаларды алып шығып, кассаға енді бере бергенде абайсызда қолынан түсіп кетті. Ақша қарауыл отыратын дүңгіршектің қасындағы су ығыстыру шұқырына түсіп кетті. Ол шұқырға түскен ақшаға қарап тұрып, амалсыздан басын шайқады да, жүріп кетті. Өйткені, су ығыстыру жолының бетіндегі темір торға қара құлып мақтап басылған екен.
Әр күні жұмысқа келгенде және жұмыстан түскен соң Маули көлік тұрағына бір келеді. Офис пен тұрақ арасы едәуір шалғай болғандықтан, ол жолда дәл осындай су ығыстыру шұқырларының бірталайынан өтеді. Әрбір шұқырдан өткен сайын ол еріксізден еңкейіп металл ақшаларды іздеп, қарай жүретін әдет тапты. Еңкейген сайын су жолында жарқырап шашылып жатқан металл ақшаларға көзі түсетін. Маули бұл көріністерді көріп көзінің алды жарқ ете қалды: "Токиода мен сияқты әр күні металл ақшаларын абайсызда су ығыстыру жолына түсіріп алатын адамдар аз емес шығар-ау?! Егер, тұтас Токио су ығыстыру жолдарындағы металл ақшаларды түгел сүзіп алатын болса, онда бұл аз байлық болмас еді-ау!"
Шешінген судан тайынбас, ол жұмыстан сыртқы уақыттарында, көптеген статистикалық тексерулер жүргізіп, ақыл-кеңестер сұрап, өзі жинаған санды-мәліметтер мен сауалнама жүргізіп, кеңес алған әрбір адамның металл ақшаны абайсызда су ығыстыру жолына түсіріп алғандықтарын байқады. Токиода 2158 шаршы шақырып әкімшілік басқару аумағы бар, халық саны шамамен 13 миллион, қаламен іргелес ж атқан тағы қаншама ұсақ қалалар бар. Бәрінің халық саны 35 миллион адамға жетеді. Осы адамдардың алда-жалда жартысы металл ақашаларын абайсызда су ығыстыру жолына бір рет түсіріп алса, онда Токионың су ығытыру жылғасы "Алтынды су жолы" болмас па?!
Компанияға қайтып келгеннен кейін, ол дереу директорға өтініш жазды да, жұмыстан шықты. Бірнеше күн қарбалас бола жүріп, ол өзінің сүзіп алу компаниясын құрды, әрі, үкімет тарапынан сүзіп алу рұхсат куәлігін де алды. Су ығыстыру жолдарының көп сандысы лас әрі сасық иісі мүңкіп тұрса да, Маули бұған қуана кірісті. Ол өз қызметкерлерімен күн сайын бейне су тышқандарынша Токионың жер асты су ығыстыру жолдарындағы металл ақшаларды сүзіп алды. Бәрі де Маули күткендей болды, бір жылдан астам құлшыныстар арқылы, ол Токионың жер асты су ығыстыру жолынан сәтті түрде 900 мың дана металл ақша сүзіп алды. Оның құны 200 миллион жапон иені(шамамен 2 миллион АҚШ доллары) болды. Таудай табыс тапқан ол бұған қанағаттанып қалған жоқ, Жапонияның өзге де ірі қалаларын нысанаға алып, ол жақтағы "Алтынды су жолдарын" сүзуге аттанып кетті.
Адамдардың көбі бір тал металл ақшаны көргенде шалқая басып өтіп кете береді. Енді біреулер еңкейіп теріп алады, өте шыққандардан тек желпи соққан самал қалады, ал еңкейгендердің қалтасында 2 миллион доллар қалады!
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Суре: japanitup.com